Информатика

Ақпараттық технология саласына қажетті мамандарды даярлайды. Түлектер қазіргі заманғы ақпараттық және компьютерлік технологиялармен жұмыс жасау үрдісіне қажетті дискреттік математика мен логика, сандық әдістер, компьютерлік модельдеу туралы толық білім алып шығады.

Бұл мамандық жасанды интеллект жүйесін модельдеу және өңдеумен, мәліметтерді саралаумен байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Түлектер ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қазіргі заманғы барлық техникалық және технологиялық бизнес үрдістерге қатыса алады. Олар бағдарламалық өнімдерді, ақпараттық жүйелерді және мәліметтерді өңдеу модельдерін жобалау мен жасауды үйреніп, жасанды интеллект пен машиналық оқу жүйесін жобалауды біліп шығады. 

ІТ-мамандары тек Қазақстан территориясында ғана емес, сондай-ақ дүние жүзінің барлық түкпірінде жоғары сұранысқа ие болып отыр, сондықтан да түлектер ақпараттық технологиялар мен бағдарламалау саласының кез келген бағытын таңдай алады.