Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Ақпараттық коммуникация технологиялары және ақпараттық қауіпсіздік технологиялары (электрондық сандық қол қою, антивирустық бағдарлама, идентификациялық инфрақұрылым және т. б.) саласына мамандар даярлайды.

Түлектер ақпараттық қауіпсіздік жүйесін әкімшіліктендіруді, оны қолдану мен жобалауды, жүйені бағдарламалық-аппараттық қорғаныспен қамтамасыз етуді, электрондық сандық қол қою жүйесімен, идентификация инфрақұрылымымен жұмыс жасауды, антивирустық бағдарламамен қамтамасыз етуді және т. б. біліп шығады.

Қауіпсіздік бағдарламаларымен жұмыс істейтін мамандардың білім деңгейі өте жоғары, әрі жан-жақты болып, Си++, Java, Oracle, MsSQLServer бағдарламалары тілдерін толық меңгеріп алады. Біздің түлектер кез келген салалар бойынша қызмет ететін компанияларда, коммерциялық және ведомстволық құрылымдарда ақпараттық қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету бойынша еңбек ете алады. Олар өте маңызды ақпараттар мен мәліметтердің таралып кетуіне жол бермей, оларды қорғау жөніндегі жаңа жүйелерді енгізе отырып, қолда бар қауіпсіздік жүйелерін де жаңартып отырады.

Оқу барысында студенттер ақпараттық қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын кәсіпорындарда өндірістік практикадан өтеді. Атап айтқанда:     

  • Ақпараттық және есептік технологиялар институты (ақпараттық қауіпсіздік зертханасы);
  •  «Галактика» корпорациясы – ТМД елдері арасында «Галактика» кәсіпорнын автоматты түрде басқарудың кешенді жүйесін өндіру жөніндегі ең ірі ұйым (ERP-жүйе);
  • «Пацифика» – ТМД елдерінде ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі жетекші интегратор;
  • «Точприбор» – күрделі электронды аспаптарды және стандартқа жатпайтын жабдықтарды өндіруші;
  • «VelaIT» – бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі мәселелерді шешу бағдарламаларын өндіруші. 

Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандардың тапшы болуына байланысты ТМД елдері мен жақын шетелдерде оларға деген сұраныс өсіп келе жатқаны белгілі. Әсіресе ІТ-технологиялар мен электронды коммерция саласында қызмет ету жан-жақты дамуда.

Магистранттарға екінші оқу жылын шетелдік – АҚШ, Батыс Европа және Ресейдің серіктес университеттерінің бірінде оқуға байланысты халықаралық қос кәсіби магистр мамандығын алып шығуға мүмкіндік бар.