Ақпараттық жүйелер

Қазіргі заманғы бағдарламамен қамтамасыз ету әдістерін өңдеу, әртүрлі көлемдегі жүйелік технологиялар мен ақпараттық жүйелерді басқару әдістері салаларына қажетті мамандарды даярлайды.

Елдің экономикалық, қаржылық, сондай-ақ түрлі өндірістік салаларын ақпараттық-іздеу жүйелерімен, эксперттік және зияткерлік жүйелермен қамтамасыз етуге тиісті бағдарламаларды жобалау, жасау және жүзеге асыруға қажетті білікті де білгір мамандар даярлау саласы бойынша Қазақстандағы ең озық әрі жалғыз бағдарлама болып табылады.

Түлектер ақпаратты жүйелерді бағдарламалау, мәліметтер мен алгоритмдерді құрастыру жөнінде тиісті білім алып, олардың өңдеу мен жүйелік анализ жасау әдістерін үйреніп шығады, сонымен қатар ақпараттық-іздеу, ақпараттық-басқару жүйелерін қолдануды енгізу, оларды кешенді түрде өңдеу мен оның тиімділігін бағалау жөнінде білім алады. Бұл бағдарламаларда шетелдік жетекші университеттер мен білім беру орталықтарының талай жылғы тәжірибелері пайдаланылады және дүниежүзілік жетекші университеттердің профессорлары осы бағдарламалар бойынша дәріс оқуға шақырылады.

Бітіріп шыққан түлектер Қазақстанның жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында, жоғары оқу орындарында, банктерде және ірі-ірі кәсіпорындарда ІТ мамандары, бағдарлама инженерлері, жүйелік әкімшілік, сондай-ақ мәліметтер базасының әкімшілігі мен өңдеуші, Web-әкімшілік қызметтерін атқара алады.

Бұл мамандық бойынша магистранттарды даярлау курсының ерекшелігі – мұнда экономикалық-математикалық пәндер ағылшын тілінде жүргізіледі. Магистратура бағдарламасы бойынша оқитын студенттер ІТ саласындағы ғылыми-зерттеу, іздеу және сынақ жүргізу жұмыстарына белсене араласып, ақпараттық жүйелер кластеріндегі инновациялық жобаларды орындайды.