Аспап жасау

Қоршаған орта мен биологиялық және техникалық объектілер жөніндегі ақпаратты алу, өңдеу және тіркеу үшін арналған аспаптарды жасау және қолданысқа енгізу саласына қатысты мамандарды даярлайды. Бұл Қазақстанда автоматика мен робототехника құралдарын қолдана отырып, өндіріс үрдістерін автоматтандыру саласы мамандарына кәсіби сапалы білім беретін жалғыз бағдарлама.

Түлектер бағдарламалау, мехатроника мен робототехника, бақылау-өлшеу аспаптары мен аспап жасау жөніндегі компьютерлік технологиялар саласы бойынша жоғары білім алып, аспап жасау технологияларын, олардыс үлгілеу мен математикалық модельдеу туралы білім алып шығады.   

Қазіргі кезде ТМД елдері арасында химия-биология, робототехника мен альтернативті энергетика саласындағы аспап жасау мамандарына деген сұраныстың артып отырғаны белгілі. Бұның себебі – кәсіби білікті мамандардың жетіспеушілігі. Біздің түлектер аспаптардың функционалдық және құрылымдық үлгісін жасауға қатысады, белгілі бір бұйымдарға техникалық сипаттама жасайды, техникалық детальдар мен бұйымдардың жобасын жасап, оларды қолданысқа енгізерде монтаждан өткізеді.