Өмір сүру мен қызметтің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

Өмір сүру мен қызметтің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласына қажетті мамандарды үш түрлі бағытта даярлайды: «Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау», «Қоршаған ортаны инженерлік қорғау» және «Төтенше жағдайларда қорғау». 

Түлектер өндіріс орындарын таза экологиямен қамтамасыз етуді, өндірісте орын алатын қолайсыз жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезінде дұрыс шешім қабылдауды үйренеді. Сонымен қатар қазіргі заманғы экологиялық және соған қатысты әлеуметтік мәселелерге сараптама жасауды, оларды жобалау мен шешуді біліп шығады. Сондай-ақ түлектер адам өмірінің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүргізілетін іс-шаралардың экологиялық-экономикалық және техника-экономикалық тиімділігін бағалау әдістерін, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік экология және адам өмірі мен қызметінің қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми зерттеулер негіздері туралы терең білім алып шығады. 

Біздің түлектер адам өміріне қауіп төндіретін өндіріс орындарында еңбек етіп, төтенше жағдайларда адам өмірі мен қоршаған ортаны қорғап, қауіпсіздікті және еңбекті сақтау жұмыстарын атқарады.