Логистика

Деңгейі
Бағасы
1 500 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

М152 – Логистика

Көлік логистикасы

Жеткізілім тізбегін басқару

Логистика саласы бойынша ғылыми ұйымдарда және ірі-ірі көлік ұйымдарында қызмет ететін кәсіби мамандарды даярлау. 

Магистранттар заманауи ақпараттық технологияларды және көлікті модельдеу мен автоматтандыру, жабдықтау тізбектері, көлік-логистикалық жүйелер, функциялар мен процестерді модельдеу және автоматтандыру саласында зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйелер мен бағдарламаларды зерттейді.

Бағдарламаға математикалық және имитациялық модельдеу әдістері, көліктік-логистикалық процестерді басқарудың инновациялық технологиялары, өндіріс жүйесінің жабдықтау тізбегін, логистикалық процестер мен интеллектуалды көлік жүйелерін жобалау әдістері кіреді.

Магистранттар қоршаған ортаға зиянды шығарындыларды азайту және экожүйені сақтау мақсатында ақпараттарды жинауды және талдауды, зерттеу жұмыстарын жүргізуді, тұрақты логистика, жабдықтау тізбегі, тауарлы-материалдық құндылықтарды басқару стратегиялары, интеллектуалды көлік жүйелері саласындағы проблемаларды анықтауды үйренеді.

Түлектер жоғары және орта кәсіптік білім беру мекемелерінде, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында, тасымалдаумен, қоймамен, ақпараттық технологиялар мен жүйелерді дамытумен айналысатын кәсіпорындарда жұмыс істейді.