Машина жасау

Бағдарлама машина жасау өндірісінің бәсекеге қарсы тұра алатын өнімдерін қазіргі заманғы есептеу әдістерін, жаңа техниканың жобалау үлгілерін, жаңа құрал-жабдықтарды, конструкцияларды қолдана отырып шығаруға бағытталған саласына қажетті мамандарды даярлайды.

Түлектер өндірістік үрдістерді жүзеге асыру үшін қажетті технологиялық құралдарға қызмет көрсетіп, олардың техникалық жағдайын қадағалайды, машиналарды алдын ала техникалық бақылаудан өткізіп, оларды жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады, жаңа машиналарға монтаж, сынақ және қолданысқа өткізу рәсімін жасайды, сондай-ақ машина жасауға қажетті конструкциялардың детальдарын, өндіретін өнімдерді жобалап, техникалық талаптарға сай етіп есептеп шығаруды үйренеді.

Бітірген түлектер машина жасау кешендерінде техник, технолог және инженер қызметтерін атқарады. Сондай-ақ олардың міндеттеріне өндіріс үрдістеріне бақылау жүргізу, адам ресурстарын басқару, құрал-жабдықтардың дұрыс жұмыс жасауын бақылау мен дайын өнімдердің сапасын бағалау жұмыстары да жатады.