Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

Бағдарлама қазіргі заманғы материалтану саласындағы ғылымды қажет ететін технологияларды өңдеу, әртүрлі қолданыстағы жаңа материалдар мен жабындыларды өндіріске енгізу бойынша қажетті жоғары білікті мамандар даярлайды. Ғылым, техника мен технологияның даму жолындағы стратегиялық ерекше бағыт болып саналады.

Түлектер әртүрлі қолданысқа арналған органикалық және органикалық емес материалдарды зерттеу, модификациялау, өңдеу; материалдар мен оларға қажетті бұйымдарды, детальдарды дайындау және алу  үрдісін, сондай-ақ басқа да салада техника мен технологияның сапасын басқаруды үйреніп шығады.

Сонымен қатар бітірушілер материалдардың құрамы мен қасиетін зерттеу жөнінде тәжірибе жүргізу жұмыстарын, берілген тапсырмаға қатысты жаңа материалдарды технологиялық және функционалдық қасиетіне қарай өңдеу жолдарын және өнеркәсіп орындарында өндірістік-технологиялық жұмыстарды ұйымдастыруды біліп шығады.

Болашақта дефектоскопист, яғни материалдарға химиялық және спектральды анализ жасау инженері, электрондық микроскопия инженері, материалдар мен жабындыларды сынақтан өткізу инженері және инженер-материалтанушы мамандығы сұранысқа ие болады.

Шифр
5В071000
Профильный предмет
Физика - Математика
Шифр
6М071000
Шифр
6D071000
Шифр
5В071000