Математикалық және компьютерлік модельдеу

Математикалық және компьютерлік модельдеу, басқармашылық және инновациялық технологияларды жобалау саласына қажетті мамандарды даярлайды.

Түлектер физикалық, химиялық, табиғи, медициналық, биологиялық және экономикалық үрдістер мен технологиялардың компьютерлік  модельдерін құруға мүмкіндік беретін математикалық әдістердің жиынтығын біліп шығады. Қажет болса, жаңа ғылыми бағыттарды да меңгеріп шығады.

Сонымен қатар түлектер белгілі бір нысанға бағытталған жоғары дәрежелі бағдарламалар тілдерінде модель құрастыра алатын болады, ғылымның көптеген бағыттарындағы синтез негізінде өте күрделі анимациялық әсерлерді келтіріп, мына үнемі құбылмалы дүниеде басқарушы ретінде тиімді шешімдерді де қабылдай алады.  

Біздің түлектер ғылыми-зерттеу институттарында, телеуоммуникациялық, білім беру ұйымдарында, өнеркәсіп орындарында қызмет етіп, жаңа технологияны өңдеу, қоғамды жетілдіру, өндірістің, экономиканың және ғылымның өзекті мәселелерін шешеді.

Бұл мамандық Сәтбаев университетінің «Математикалық экономика» мен New School of Economics бірлескен бағдарламасына енеді.