Металлургия

Кен орындарынан металдарды игеру, металды қорытпалардың құрамын, қасиеті мен құрылысын өзгерту салалары кәсіпорындарына қажетті мамандарды даярлайды.

Түлектер қара және түсті металдарды өңдеу мен өндіру, техногендік және минералды шикізатты өңдеуге арналған құрылғылар мен олардың технологиялық үрдісін, сондай-ақ олардан алынған заттар мен материалдарды, өнімдерді зерттеу әдістерін үйреніп шығады.

Сонымен қатар табиғи шикізат пен металдарды өңдейтін өндіріс орындарында еңбек тәжірибесін жинақтап, қорытпаларды алудың, металды өңдеудің химиялық және физикалық әдістерін үйренеді, технологиялық операцияларды жасау кезінде энергиямен қамтамасыз ету және ресурстарды үнемдеу жолдарын да біліп шығады.

Оқу бітіргеннен кейін түлектер ірі-ірі металлургиялық өнеркәсіп орындарда, заводтарда, тау-кен-металлургиялық кешендерінде, жобалау және зерттеу орталықтарында, сондай-ақ химия саласына жататын барлық кәсіпорындарда еңбек ете алады.