Тау-кен ісі

Пайдалы қазбалардың ашық және шахталы тау-кен орындары саласына қажетті мамандарды даярлайды. Оқу-дайындық курсы үш білім беру траекториясы негізінде жүреді: «Шахта және жерасты құрылысы», «Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық түрде өңдеу» және «Пайдалы қазбаларды жерасты игеру».

Тау-кен өндірісінің технологиясын, кешенді механизациясын және кен қазу жұмыстарын ұйымдастыруды, оның экономикасын үйреніп, зерттеу жұмыстарын жобалау мен оны жүргізудің және жетілдірудің әдістерін біліп шығады.

Бітіріп шыққан түлектер қара және түсті металдар кендерін өндіру жөніндегі кәсіпорындарда табиғи байлықтарды өндіру ісімен айналысады, сондай-ақ жылу-энергетикалық кешендерде, салалық ғылыми-зерттеу және жобалау институттары мен жоғары оқу орындарының ғылыми зертханаларында алғашқы инженерлік-техникалық қызметтерді атқарады.