Мұнай-газ ісі

Мұнай-газ саласына қажетті инженер мамандарын даярлайды.

Түлектер мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау технологиясын, мұнай қабаттарының құрамы мен қасиетін, ұңғымаларды геофизикалық және геодинамикалық зерттеу әдістерін, мұнайды механикалық жүйемен өндіру технологиясын, кен орындарын қазу технологиясын және ол жерлерден екінші-үшінші рет мұнай өндіру жолдарын, сондай-ақ осы үрдістің бәрін компьютерде модельдеу әдістерін үйреніп шығады.

Бағдарламаның ерекшелігі: 

  • ASIIN бағдарламасы бойынша аккредиттелген, диплом Европада сұранысқа ие;
  • Батыс және Шығыс Европа елдерінің институттарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қосымша білім алу мүмкіндігі бар;
  • Францияның Лотарингия университетімен бірлесе отырып жасалған қос дипломды білім алу бағдарламасы негізінде «Энергияның жерасты қоймасы» мамандығы бойынша оқуды жалғастыру мүмкіндігі бар; 
  • Оқу тәжірибе курсы өзіндік оқу полигонында өтеді.

Түлектер мұнай-газ өндіру, қызмет көрсету және зерттеу саласына қатысты өндіріс орындары мен кәсіпорындарында, ірі-ірі компанияларда жұмыс істей алады. Көптеген компаниялар дала және қала жұмыстарын бірлесе атқарып, көбіне өте күрделі де қымбат компьютерлік бағдарламаларды өз жұмыстарында қолданады да, кен орындарына бақылау жүргізіп отыру үшін қызметкерлерін жиі-жиі іссапарға жіберіп отырады.

Магистранттарға шетелдік серіктес университеттер – АҚШ, Батыс Европа мен Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарында халықаралық қос мамандықты магистр дәрежесін алып шығуға мүмкіндік бар.