Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

Жол қозғалысын ұйымдастыру саласы мен қалалық және халықаралық қатынас көліктерінде қауіпсіздік жөніндегі, жүк көліктерін және жолаушылар тасымалдау көлігін пайдалану, көлік-қоймалық, ақпараттық-кедендік логистиканы ұйымдастыру мен оған бақылау жасау жөніндегі инженер мамандарын даярлайды. 

Біздің түлектер Көлік және коммуникация министрлігінде мемлекеттік тапсырыс бойынша; жол полициясы мен көлік инспекциясында, көліктік, кедендік және қоймалық логистика бойынша; жүк тасымалдау мен жолаушылар тасымалдау жөніндегі көлік техникасын пайдалану, логистикалық қызмет әкімшіліктерінде қызмет ете алады.