Мұнай химиясы

Органикалық заттарды, полимерлерді өндіру мен синтездеудің алдыңғы қатарлы әдістерінде қолданылатын мұнай химиясы саласына және мұнай мен газды қайтадан өндірудің химиялық технологиясы саласына қажетті мамандарды даярлайды.

Жас мамандар мұнайды табиғи зат, әрі тамаша химиялық шикізат көзі ретінде қарастырады да, химиялық қосылыстардың көміртектің бір атомымен қосылу үрдістерін үйренеді. Сондай-ақ мұнайдың химиялық заттарға және басқа да ұқсас жанғыш заттарға айналу үрдісін зерттейді.

Біздің түлектер екі сатылы білім алу жүйесін аяқтағаннан кейін жоғары оқу орындарында оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми-зерттеу жобаларын басқара алады, сонымен қатар мұнай-газ өндіретін зауыттарда, базаларда, ғылыми-зерттеу институттары мен арнайы зертханаларда, бірлескен инженерлік мекемелерде жетекші лауазымдарды атқара алады.

Ал магистратурада оқитын студенттер өз мамандықтары бойынша терең білім алып, ғылыми жобаларды өз күшімен басқаруға мүмкіндік алады, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында және кәсіпорынның өндірістік қызметіне қатысты нәтижелі шешім жасауды үйренеді. Магистерлік бағдарлама бойынша білім алған түлектер химия саласында жетекші инженерлік лауазымдарды атқарады.