Полиграфия (Баспа ісі)

Ақпараттық және баспа технологиясы, ақша белгілерін жасау, кітап, газет-журнал және басқа да баспа материалдарын өндіру мен оларды буып-түю саласына қажетті мамандарды даярлайды.

Полиграфия саласындағы магистратура бағдарламасы әртүрлі өндірістік және бизнес-құрылымдарды басқару үрдісі мен басқармашылық қызмет жөнінде терең білім береді. Оқу үрдісі кәдімгі баспа өндірісінің жұмыс жағдайында өтеді. Бағдарлама аясында баспа өндірісінің жетекші топ-менеджерлері шеберлік сағаттарын өткізіп, дәріс оқиды.

Бағдарламаның ерекшелігі:

  • Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қазақстандық тәуелсіз агенттіктің арнайы аккредитациясы (НКАОКО);
  • Шетелде тағылымдамадан өту және қос дипломды білім алу мүмкіндігі.

Біздің түлектер дизайнерлік студияларда, баспаханаларда, баспа үйлерінде, сондай-ақ азық-түлік және тұрмыстық қолданысқа қажетті тауарларды буып-түюмен айналысатын кәсіпорындарда еңбек етеді.