Құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар өндірісі

Өндіріс технологиясы мен оны жобалау саласында сұранысқа ие материалдар мен бұйымдарды жасайтын, сондай-ақ ағаш өндіру мен құрылыс материалдарын өндірудің жаңа технологиясы, бұйымдары мен оларды конструкциялау жөніндегі мамандарды даярлайды.

Түлектер құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды, оларға қатысты жаңа технологияларды өндіру жөніндегі маман иесі бола отырып, құрылыс орындары мен құрылыс индустриясы саласында менеджмент және маркетингтік қызметті, энерго және ресурс үнемдеу технологиясы мен қазіргі заманғы құрылыс материалдарын қолданысқа енгізу жөніндегі қызметті де атқара алады.

Олар құрылыс материалдарын өндіру технологиясының кезеңдерін, әдістерін, олардың химиялық құрамы мен қасиетін, әртүрлі ғимараттар мен құрылымдар тұрғызу жұмысын жобалау мен монтаждауды және оларды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын үйреніп шығады.

Оқу бітіріп шыққаннан кейін түлектер азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс мекендерінде, құрылыс материалдары мен бұйымдар және конструкциялардың сапасын бақылау, оларға сертификат беру жөніндегі ұйымдарда, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды (бетон және темірбетон бұйымдары мен керамикалық заттарды және жабындық материалдарды да)  жасау жөніндегі өнеркәсіп орындарында инженерлік қызмет атқара алады. Олар металл емес конструкцияларды да жобалап, олардан алынған өнімдерге сынақ жасайды және зерттеу жүргізеді, дайын өнімнің сапасын тексеріп, өндірістік ақаулардың себептерін анықтайды.

Бұл мамандықтың магистерлік бағдарламасы тереңдетілген кәсіби білім береді және ғылыми жобамен шұғылданатын, сондай-ақ басшылық қызметтер атқаратын инженер-технологтарды даярлап шығарады. 
Шифр
5В073000
Профильный предмет
Физика - Математика
Шифр
6М073000
Стоимость
850 000 теңге / 1 оқу жылына
Стоимость для
юр. лиц
Хабарласыңыз +7 (727) 292 58 61, ainura.zhub@gmail.com
Шифр
5В073000