Жобаларды басқару

Құрылыста, жобалау-шамалау өндірістерінде, өнеркәсіптің жоғары технологиялық салаларында ірі-ірі кешенді жобаларды басқаруға қажетті бәсекеге қабілеті бар мамандарды даярлайды.

Бұл бағдарлама өте ауқымды жобаларды басқара алатын және шешімі қиын күрделі мәселелерді шеше алатын өршіл адамдарға арналған. Біздің түлектер мемлекеттік және жеке меншік секторларында, қоғамдық және ғылыми-зерттеу орталықтарында, консалтингтік фирмаларда қызмет ете алады. Олар басқарушылық, оқытушылық, ғылыми қызметке қажетті тәжірибе жинақтап, шығармашылық жобаларды да, масс-медиа, саяси және әлеуметтік жобаларды да басқаруды үйреніп шығады.   

Сонымен қатар түлектер жобаларды басқару мен жобалар портфелін дайындауды, бизнес-үрдістер мен ғылыми-педагогикалық қызметке, жекеше жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарына тереңдете сараптама жасауды үйренеді.  

Satbayev University дүниежүзілік жетекші Жобаларды басқару институтының (R.E.P. PMI, Пенсильвания, АҚШ) аккредиттелген білім беру провайдері болып табылады. Жобаларды басқару институтының барлық бағдарламалары халықаралық PMI стандарттарына сай келеді, сондықтан да осы курсты аяқтағаннан кейін жобалау менеджері бойынша кәсіби маман атану үшін осы ЖБИ жанынан құрылған Жобалар менеджерлерін кәсіби сертификаттау орталығының арнайы PDU (Professional Development Units) және Contact Hours куәліктерін қоса алу мүмкіндігі бар.