Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйесі мен мобильді байланысты өңдеу, қолданысқа енгізу саласына қажетті мамандарды даярлайды.

Түлектер қазіргі заманғы радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйесі мен мобильді байланыс саласы бойынша білім алып, инженерлік есептеулер жасауды үйренеді. Сонымен қатар электрониканың физикалық негіздерін, телекоммуникация негіздерін, спутникті байланыс жүйелерін және өз мамандығына қатысты инженерлік, компьютерлік графиканы біліп шығып, алған білімдерін тәжірибе жүзінде де толықтырады.

Ал түлектердің еңбек ету объектісі ретінде радиобайланыс, сигналдарды қабылдау мен жіберу, телекоммуникациялық қызмет саласы, автоматтандырылған және компьютерлік жүйелерді жобалау жөніндегі кәсіпорындар саналады.

Оқу бітіргеннен кейін белгілі мобильді байланыс компанияларында, космостық байланыс орындарында, радителеорталықтарда, радиолокация мен навигация, радиобайланыс, телевидение салалары кәсіпорындарында қызмет ете алады.