Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша)

Тауарлар мен қызмет көрсету түрлерінің орындалу нормалары мен ережелеріне қойылатын талаптарды белгілеу, тарату және оған бақылау жасау саласына қажетті мамандарды даярлайды. Мақсаты – өндіруші мен тұтынушы үшін жоғары экономикалық тиімділікке, тауар мен қызмет түрлерінің қауіпсіздігі мен жоғары сапасына бағытталған ережелер мен талаптарды, норма түрлерін жасау, өндіріске енгізу, тұрмыста қолдану және оларды метрологиялық қамтамасыз ету.

 
Түлектер стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы қазіргі заманғы соңғы жаңалықтар мен өзгешеліктерді біліп, жүйені математикалық және физикалық модельдеуді, осы саладағы жобалау-конструкторлық және инновациялық қызметтің негіздерін үйреніп шығады.

 
Сонымен қатар ISO 9001:14000 халықаралық стандарт талаптары туралы білім алып, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі халықаралық тәжірибені қолдануды, сөйтіп қажетті зерттеу әдістерін жүргізіп, алынған нәтижелерін дұрыс өңдеуді үйренеді.


Біздің түлектер тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін стандарттау және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орандарда, осы саладағы кәсіпорындар мен мекемелерде, тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін жобалау, бақылау, сынақ жүргізетін зертханалар мен орталықтарда, стандарттау жүйесі мен сапа менеджментіне қатысы бар қызмет орындарында еңбек етеді.