Стандарттау, сертификаттау және метрология

Тауарлар мен қызмет көрсету түрлерінің орындалу нормалары мен ережелеріне қойылатын талаптарды белгілеу, тарату және оған бақылау жасау саласына қажетті мамандарды даярлайды.

Түлектер стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы қазіргі заманғы соңғы жаңалықтар мен өзгешеліктерді біліп, жүйені математикалық және физикалық модельдеуді, осы саладағы жобалау-конструкторлық және инновациялық қызметтің негіздерін үйреніп шығады. 

Біздің түлектер тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін стандарттау және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орандарда, осы саладағы кәсіпорындар мен мекемелерде, тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін жобалау, бақылау, сынақ жүргізетін зертханалар мен орталықтарда, стандарттау жүйесі мен сапа менеджментіне қатысы бар қызмет орындарында, көлік саласында, темір жол қызметінде еңбек етеді.

 Негізгі жұмыс берушілер – Стандартизация, метрология және сертификация орталығы, Прикаспий сертификация орталығы, Алматы қаласындағы Ұлттық сертификация және сараптау орталығы, Алматы ауыр машина жасау зауыты, С. М. Киров атындағы машина жасау зауыты, Алматы вентилятор зауыты және осы саладағы басқа да кәсіпорындар.