Технологиялық машиналар мен құрал-жабдықтар (сала бойынша)

Тау-кен, металлургия, мұнай және газ саласында қолданылатын құрал-жабдықтармен жұмыс жасайтын және оларға техникалық қызмет көрсететін мамандарды даярлайды. Оқу үрдісі үш бағытта жүргізіледі: «Тау-кен машиналары мен құрал-жабдықтары», «Металлургиялық машиналар мен құрал-жабдықтар», «Мұнай және газ өнеркәсібіне арналған машиналар мен құрал-жабдықтар».

Түлектер тау-кен, металлургия, мұнай-газ саласында, сондай-ақ инновациялық технологиялар саласында қолданылатын машиналар мен құрал-жабдықтарда жұмыс істеу әдістерін, оларды қолдану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету әдістерін үйреніп шығады.

Сонымен қатар түлектер машина құрылысы мен оның төзімділігін есептеуді, әртүрлі жабдықтарды құрастыру, жөндеу, іске қосуды, механикалық жабдықтарды тиімді пайдалану жөніндегі есептерді шығаруды, сондай-ақ кез келген күрделі механикалық кешендерді технологиялық үдерісте, тау-кен, металлургия және мұнай-газ саласында іске қосуды үйренеді.

Біздің түлектер тау-кен, металлургия және мұнай-газ саласы өндіріс орындарында, кез келген өнеркәсіп орындарында, құрылыста, жол жөндеу және салу қызметінде еңбек етіп, арнайы техникалар мен машиналарды іске қосу, қолдану және оларды жөндеу жұмыстарына жауап береді. Сондай-ақ олар жаңа машиналар мен жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалап, олардың жұмысының белгілі бір техникалық талаптарға сай болуына да жауап береді, егер де істен шығып қалса, онда қажетті детальдар мен саймандарға тапсырыс береді және жаңа жабдық сатып алу мәселелерін қарастырады.