Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы

Ағаш өңдеу саласындағы ғылымды қажет ететін жоғары технологиялық өндірісте еңбек ететін мамандарды даярлайды. Түлектердің кәсіби қызметі – ағаш өңдеу, құрылыс, жиһаз жасау, вагон құрылысы, кеме жасау, көпір жасау және басқа да салалар.  

Оқу бітіргеннен кейін түлектер ағам бұйымдары мен ағаштан жасалған материалдардың технологиялық үрдістерін, конструкцияларын өңдеуді үйреніп, ағаш өңдеу және жиһаз жасау кәсіпорындарының жобасын жасауды біліп шығады. 

Түлектер жиһаз жасау фабрикаларында, ағаш өңдеу комбинаттарында, тіпті фанера жасайтын зауыттар мен ағаш кесу зауыттарында, ұсталық-құрылыстық бұйымдар жасау кәсіпорындарында қызмет ете алады, сондай-ақ музыкалық құралдарды, спорттық жабдықтарды, сіріңке жасау, реторан, кафе, кеңсе, вокзалға және т. б. қажетті бұйымдарды жасайтын кәсіпорындарында қызмет етеді.  Сондай-ақ түлектер өндіріс орындарында шебер, конструктор, технолог, менеджер, ұйымдастырушы және басқарушы, өндірістік-техникалық орындарда инженерлік қызмет атқарып, цехтар мен өндірістік учаскелерді жобалау жұмыстарымен де айналыса алады. Келешекте олар ағаш өңдейтін өндіріс орындарында басшылық қызметтер атқарып, ағаш өңдейтін өндіріс орындары қызметінің экономикалық тиімділігіне сараптама жасай алады, кәсіпорындардың өндірістік қызметінің стратегиясы мен тактикасын жасай алады.