Көлік, көлік техникасы мен технологиясы

Көлік техникасын жобалау, зерттеу, сынақтан өткізу, іске қосу және оларды жөндеуге қатысты барлық салаларға қажетті мамандарды даярлайды.

Түлектер көлік техникасын жасау мен жөндеу жұмыстары туралы құжаттарды рәсімдеуді, көлік техникасы мен жабдықтарын жасау технологиясын оңтайландыруды және алынған өнімнің сапасын қадағалауды, сондай-ақ көлік техникасын қолдану мен оларды жөндеу жұмыстарына қатысты қызмет түрлерін басқаруды үйреніп шығады.

Біздің түлектер ірі-ірі көлік кешендерінде, машина жасау зауыттарында, көлік техникасын іске қосу жұмыстарымен шұғылданатын кәсіпорындарда, машина жасау және жөндеу жұмыстарын жасайтын компанияларда, жобалау-конструкторлық бюроларда, инженерлік-техникалық қызмет көрсету орындары мен өндіріс орындарында инженер-механик қызметін атқара алады.