Су ресурстары және су пайдалану

Су ресурстары және су пайдалану бағдарламасы бойынша тұрғындарды, өндірістік кәсіпорындар мен мекемелерді, су шаруашылығы және гидроэнергетикалық жүйелерді сумен жабдықтау және су тарту жүйелері саласына қажетті мамандар даярланады.

Мұнда білім алушылар ғимараттардың құрылғыларын жасап, олардың гидротехникалық және гидроэнергетикалық есептеулерін орындауды, су пайдалану саласындағы құрылыстардың жобалық және сметалық-техникалық құжаттарын дайындауды, сондай-ақ cу ресурстары мен су пайдаланудың инженерлік жүйелерін құрастыру, монтаждау, жөндеу және сынақтан өткізу жұмыстарын үйренеді.

Бұл мамандық бойынша диплом түлектерге қалалар мен елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйелері жөніндегі кәсіпорындар мен мекемелерге жұмысқа тұруға мүмкіндіктер береді. Түлектер сондай-ақ су шаруашылығы кәсіпорындарында  және сумен қамтамасыз ету және су тарту жөніндегі ұжымдар мен өндірістік кәсіпорындарда, гидротехникалық және гидроэнергетикалық су жүйелері мен қондырғыларын жобалау мен бағалау жөніндегі арнайы ұжымдарда қызмет етеді.