Жерге орналастыру

Жер жағдайын қадағалап, жерді дұрыс пайдалануды ұйымдастыру, жобалау мен оны қорғау саласына қажетті мамандарды даярлайды. Жер орналастырушылықпен айналысатын мамандар жер пайдалану жобаларын жасау, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру жұмыстарымен шұғылданып, жерге мониторинг жүргізеді; жоғары дәлдікті аспаптар мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып, геодезиялық түсірілімдер жасайды. 

Түлектер сондай-ақ жаңадан елді мекендер ашу және бұрынғы бар елді мекендерді жетілдіру, жерлерді халық шаруашылығы салалары бойынша бөлумен, жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар арасында жерді тең бөлу мәселелерімен де айналысады, тұрғын үй салуға, өнеркәсіп орындары мен энергетикалық кешендер құрылысына жер бөледі. 

Біздің түлектер Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттікте, Кешенді зерттеу бөлімдерінде, Жер ресурстары мен жерге орналастырушылық жөніндегі ғылыми-өндірістік орталықта, оның аудандық және қалалық еншілес бөлімдерінде және әртүрлі мақсаттағы жерлерді бағалау жөніндегі бөлімшелерде еңбек ете алады.