Студенттік өмір

Студенты Satbayev University

Сәтбаев университеті студенттері кәсіби тұрғыдан даму, қоғамдық қызметте, шығармашылық пен спортта өзін таныту,  тұлғалық қасиеттерді арттыру үшін барлық мүмкіндіктерді беретін қызықты, жарқын, әрі оқиғаға толы өмір сүруде! Сіз Университеттік деңгейдегі іс-шараларға ғана қатысып қоймай, қалалық, республикалық және халықаралық масштабтағы көптеген оқиғалардың ұйымдастырушысы болуыңызға да мүмкіндігіңіз бар! Бұл өзіндік өмірлік жолыңызды таңдау үшін айтарлықтай шексіз мүмкіндіктер. Сондықтан студенттік оқу жылдары білім алу, жаңалық ашу және беймәлім заттарды зерттеу жағынан маңызды және қымбат жылдар болып табылады.

Студенттік кез – бұл танысу мен ұзақ жылдарға достық қарым-қатынас құруға мүмкіндік беретін шақ.  Студенттік кездегі жылдар ешқашан естен кетпейді, бұл жылдар  жадыда өте жарқын күндерімен ғана сақталып қала береді. Сәтбаев Университетінің студенті болғаннан бастап, Сіз студенттік ортаға еніп, университеттің салт-дәстүрімен, күнделікті өмірімен таныса аласыз.

 

Студенттік қауымдастықтар

Сізді көптеген қоғамдық, ғылыми, шығармашылық және спорттық қоғамдастықтар, клубтар мен ұжымдар, жарқын студенттік мерекелер, мағыналы да маңызды форумдар мен конференциялар күтуде. Жыл сайын қыркүйек айында «Студенттік ұйымдар жәрмеңкесі» өтеді, мұнда әркімнің өзінің қоғамдастығын ашып, таныстыруына немесе өзіне ұнаған қоғамдастыққа кіруіне болады.

 

Студентттк деканат — университеттегі студент жастардың өзін-өзі басқаруының жоғары органы болып табылады. Оның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтарын қамтамасыз ету, жастарға жағдай жасау, олардың шығармашылық әлеуетін ашу, студенттердің бастамаларын жүзеге асыру, сонымен қатар университетте студенттік және жастардың өзін-өзі басқару қызметін одан әрі дамыту

Жатақханалардың студенттік кеңесі – жатақханаларда тұратын студенттердің тұрмысы мен бос уақытын ұйымдастыруға жауапты студенттік ұйым. Студенттік кеңес төрағалары студенттерге жаңа жағдайларға бейімделуге көмектеседі, олармен бірге әртүрлі іс-шаралар өткізеді.

Жастар ісі жөніндегі комитет – ұлттық құндылықтарды насихаттайтын студенттік ұйым. Олар «Бауырсақ күні», «Көрісу» сияқты ұлттық іс-шараларды өткізеді, сондай-ақ танымал адамдармен кездесулерді ұйымдастырады. Команда спортты белсенді түрде насихаттайды және имидждік іс-шаралар өткізеді.

instagram @kdm_su

ENACTUS Satbayev University – бұл бизнесті әлеуметтік мәселелерді шешудің тәсілі ретінде қарастыратын кәсіпкерлік жетекшілерінің қауымдастығы. Enactus студенттері адамдарға өмірін жақсартуға мүмкіндік беретін әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асырады. Enactus серіктестері – оқытушылар мен бизнесмендер студенттерге бағыт береді және команда тәлімгері болады. Бизнес басшылары жыл сайын өткізіп, баға беретін жарыстарға студенттер өз жобаларын ұсынады.

instagram @enactus.su

SPE (Society of Petroleum Engineers) – мұнай-газ саласы кәсіпқойларының коммерциялық емес қауымдастығы. Оның әлемнің 143 елінен 158 мыңнан астам мүшесі бар, олар 200 кәсіби және 379 студенттік бөлімшелерде тіркелген. SPE Satbayev University – Қазақстандағы ең ірі бөлімше және Ресей мен Каспий өңірі елдеріндегі жетекші қауымдастықтардың бірі болып табылады. Оның құрамына 1000-нан астам студент кіреді. Қауымдастық студенттер үшін ағылшын тілі мен шешендік өнер клубтарын ашып, әртүрлі дебат, «мұнай» ойындарын, студенттердің мұнай-газ саласындағы білімін жақсартуға және ой-өрісін кеңейтуге бағытталған арнайы іс-шаралар мен зияткерлік жарыстар өткізеді. Қауымдастық Satbayev University базасында жыл сайын мұнай-газ саласының жетекші мамандары мен перспективалы студенттерді біріктіретін «Каспий ПетроКонгресс» шарасын өткізеді.

instagram @kntu.spe

Сәтбаев Скаут клубы — «Ұлы Дала скауттары» жастар қозғалысының бөлімшесі Сәтбаев Университетінде ашылды. Бұл –дүние жүзінің 174 елінен 74 000 000 адамнан тұратын әлемдегі ең ірі жастар қозғалысына кіру үшін студенттерге мүмкіндік беретін скаут клубы. Satbayev Scout Club клубына қатысушылар өздерінің физикалық, рухани және тұлғалық әлеуетін арттыруға, әлеуметтік жобалармен айналысуға, әртүрлі тренингтер мен шеберлік сабақтарына қатысуға, сондай-ақ тек Қазақстанның түкпір-түкпірінде ғана емес, шетелдерге де саяхат жасауға мүмкіндік алады.

Байланыс телефоны +7 747 811 49 87.

instagram @Satbayev.scouts

Пікірсайыс клубтары. Пікірсайыс – бұл белгілі бір ережелерге сәйкес жүргізілетін пікірталастың ерекше формасы болып табылатын интеллектуалды ойын. Пікірсайыс логикалық және сыни ойлауды дамытады, коммуникативті мәдениет пен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытады, жеке шешім қабылдауға үйретеді және тұлға ретінде қоғамның болашақ көшбасшылары болып қалыптасуға ықпал етеді. Қазіргі таңда Сәтбаев Университетінде екі дебат клубы жұмыс істейді: «Technokrat» интеллектуалды дебат клубы (қазақ лигасы) және «Satbayev» Intellectual Debate Club (орыс лигасы). Біздің студенттер жыл сайын Satbayev University ректорының кубогы сыйлығына республикалық дебат турнирін өткізеді, сондай-ақ әртүрлі қалалық және республикалық турнирлерге қатысып, дәстүрлі түрде жеңімпаз атанып шығады, осылайша университет намысын қорғайды.

instagram @technokrat_idc

instagram @satpaev_debates

КВН (орыс лигасы) және «Жайдарман» (қазақ лигасы) – командаларға бөлініп, қойылған сұрақтарға әзіл-сықақ негізінде жауап беру, белгілі тақырыптарға импровизация жасау, алдын ала дайындалған көріністерді ойнату және т.б. өнерлері бойынша жарысып ойнатылатын әзіл-сықақ ойыны. 2012 жылдан бері Сәтбаев Университетінің институттары арасында Жеңімпаздар кубогына жарыс өтеді.  Аталмыш жарыстың жеңімпаздары «BAS LIGA», «Жайдарман», КТК жоғары лигасы секілді республикалық және халықаралық лигаларда өнер көрсетіп, университет намысын қорғайды.

instagram @kvn__su

«Satbayev Hunters»
Ұйымның миссиясы – Сәтбаев Университетіне талапкерлерді тарту мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар болашақ талапкерлер мен бірінші курс студенттері үшін экскурсиялар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру болып табылады. Бұл команда – Сәтбаев Университетінің бет пердесі деуге болады.

instagram @satbayevhunterz

Satbayev Time – Сәтбаев Университетінің студенттеріне студенттік өмір туралы білім беретін, университетте және одан тыс жерлерде өтетін әртүрлі іс-шаралар туралы маңызды ақпарат тарататын студенттік жоба. Оның мақсаты – Сәтбаев Университетінің талапкерлері мен түлектері әлеуметтік желілерде өзара тығыз байланыс жасауы үшін, неғұрлым көбірек аудитория жинау.

instagram @satbayevtime

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Шығармашылық орталығы университет үйірмелерінің жұмысын үйлестіреді және университет пен одан тыс жерлерде өткізілетін іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Орталықта халық аспаптар оркестрі, вокалды-хор үйірмесі, хореографиялық ансамбль, вокальды-аспаптар ансамблі, көңілділер мен тапқырлардың «Жайдарман» клубы, Stand-Up жұмыс жасайды. Оларды тәжірибелі жетекшілер басқарады: ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық және республикалық жарыстардың лауреаттары, республикалық ойындардың чемпиондары және т.б.

Орталықтың жұмысы туралы толық ақпаратты @creativity_centerr инстаграм-парақшасынан алуға болады.

Сәтбаев Университетінің спорт клубы – республиканың спорттық өмірінің белсенді орталықтарының бірі, ол классикалық күрестен әлем чемпионы Владимир Бакулин, Эвересті бағындырушы Қазбек Валиев, атақты теннисші Егор Шалдунов сияқты танымал спортшыларды даярлап шығарды. Спорт клубы аясында баскетбол, мас-рестлинг, фитнес, волейбол, еркін күрес, футбол, шахмат секциялары жұмыс істейді. Сәтбаев Университетінің спорт клубы сонымен қатар Президенттік тест тапсыру аясында әртүрлі жарыстар ұйымдастырады. Спорт клубы ТКМ ғимаратында 11-каб. орналасқан.

instagram @sport_for_student

Спорт клубының секциялары

Байланыс телефоны: 8 (727) 3204447.

instagram @Sport_for_student

Волейбол, жетекші: Жұпархан Жамбыл.
Баскетбол, жетекші: Путинцев Александр Михайлович.
Тоғызқұмалақ, жетекші: Джуашев Ермек Уразалиевич.
Шахмат, жетекші: Нигметов Алибек Жарденович.
Армрестлинг, жетекші: Тілеубердин Амангелді Тойшибекович.
Футбол, жетекші: Омаров Артик Сайдуллаевич.
Мас-рестлинг, жетекші: Фитисов Павел Викторович, Әлміш Санжар Ардақұлы.
Фитнес, жетекші: Лактионова Виктория Анатольевна.
Настольный теннис, жетекші: Терещенко Олег Никитович.

 

Спорттық бағдарламалау клубы ACM ICPC

The International Collegiate Programming Contest – бағдарламалау жөніндегі Халықаралық студенттік олимпиада, оны тағы да ICPC жөніндегі Әлемдік студенттік командалық чемпионат деп те атайды. Бұл бағдарламалау саласындағы ең ірі және ең қадірлі олимпиада болып табылады. Ал ACM ICPC клубы студенттерді, міне, осы олимпиадаға және келешекте Computer Science саласында қызмет етуге даярлайды.

Байланыс телефоны: 8 (727) 3204192.

Жетекшілері:

Қайырбеков Абылай Мұратович, a.kairbekov@satbayev.university.
Куникеев Айдын Даулетович, a.kunikdyev@satbayev.university.
Оразов Бауыржан, b.orazov@satbayev.university.
Рыскұлбек Ерсұлтан, e.ryskulbek@satbaye.university.

 

Аспапшы

Микроконтроллер бағдарламалауды және электроникаға үйретуші клуб.

Жетекшісі: Аймұханбетов Е.А., y.aimukhanbetov@satbayev.university.

Роботты өзің жаса

Робототехника жасауға үйретуші клуб.

Жетекшісі: Баянбай Н.А., n.bayanbay@satbayev.university.

Автоматтандырудың келешегі

Ғылыми таныстырылымдар, шешендік өнер мен өзін-өзі таныстыру, ғылыми ортада жұмыс істеуді үйретуші клуб.

Жетекшісі: Лұқманова Ж.С., zh.lukmanova@stud.satbayev.university.

English Zone

Ағылшын тілінде өтетін іс-шаралар клубы. Дәстүрлі English week шарасын өткізеді.

Жетекшісі: Тұрлыбекова А.О., a.o.turlybekova@satbayev.university.

In principio erat verbum

Шығармашыл инженерлерге арналған әдеби клуб.

Жетекшісі: Танкиева Н.Ш., n.tankyeva@satbayev.university.

instagram @SU_qaz_ru_kafedrasy

The Fake

Вокальды-аспаптар ансамблі.

Жетекшісі: Жамбыл Кулесов. Байланыс телефоны: +77025956923.

instagram @thefakegroup

Ұлттық аспаптар оркестрі

Жетекшілері:

Жанас Бекентұров – Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Байланыс телефоны: +77014021955.

Гүлбақыт Сенбиева – ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Байланыс телефондары: +77772089119,  +77072089119.

instagram @scc_su

Алматы қаласының мектеп-лицейлерінде «Жалпы геология» пәні бойынша дәріс оқу.

Оқытушы: Алма Бекботаева, a.bekbotayeva@satbayev.university. Байланыс телефоны: 8 (727) 2920097.

 

Кәсіптік бағдар және жұмысқа орналасу

Производство АО "НАК "Казатомпром"

Сәтбаев университетіндегі кәсіптік бағдарлама студент бірінші курсқа оқуға түскенінен бастап, яғни оның көптеген жарыстарға қатысып, өндірістік тәжірибеден өту кезінен басталады. Университет өзінің серіктес компанияларымен 460 келісім-шарт жасасқан, оның 65 түлектерді жұмысқа орналастыру жөнінде жасалған.

Оқу бітіргеннен кейінгі 3 айда түлектердің 55%-ы, ал 6 айдан кейін – 90%-ы жұмысқа орналасады. Олардың 88%-ы өздері өндірістік іс-тәжірибеден өткен кәсіпорындар мен мекемелерге орналасады.

Сонымен қатар университетте студенттерге өндіріс пен бизнес саласында жетістіктерге жетуге көмектесуге арналған көптеген бағыт-бағдарламалар бар. Солардың бірі – Be Smart In Business қауымдастығы. Бұл қауымдастық студенттерге жақсы жерде тәжірибеден өтіп, білімін шыңдауға көмектессе, жұмыс берушілерге білікті мамандарды таңдап алуға көмектеседі.

2017 жылдан бастап университетте «Сәттілік зертханасы» жобасы іске қосылып, жұмыс істеуде. Бұл да студенттерге жұмыс берушілермен жақынырақ танысып, жақсы қызметке орналасуға мүмкіндік береді. Жоба бойынша нарықтағы кәсіби мамандар өздерінің шеберлік сағаттарын онлайн түрде жүргізіп, студенттерге өздері туралы түйіндемені дұрыс толтыруға, жұмыс берушімен дұрыс келіссөз жүргізуге, этикет пен мінез-құлық нормаларына үйретеді.  

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту