Technopolis Politech Технопаркі

Технопарк Satbayev University

Технопарк 2004 жылы ашылып, өндіріс орындары мен университеттің, студенттер мен оқытушылар стартаптарының, сондай-ақ Сәтбаев университетінің ғалымдары күшімен ашылған инновациялық кәсіпорындардың бірлесіп қызмет ету құралы болып табылады. Технопарк Инновациялық қормен (заңды мұрагері – Инжиниринг және технология трансферті орталығы) бірлесе отырып ашылған.

Технопарк Сәтбаев университетінің территориясында орналасқан, ол ғылыми жұмыстарды коммерциализациялау үшін, ғылымды қажет ететін технологиялардың динамикалық дамуы үшін, ғылыми-техникалық және технологиялық өңдеулерді өнеркәсіпке ендіру үшін ресурстар ұсынатын кеңістік болып табылады.

Технопарктің миссиясы:

  • ғылымды қажет ететін технологиялардың динамикалық дамуы үшін жағдай жасау;
  • ғылыми-техникалық және технологиялық өңдеулерді өнеркәсіпке ендіру;
  • ғылыми жұмыстардың соңғы нәтижелерін коммерциализациялау.

Ғылыми жетістіктер мен өндірулерді коммерциализациялаумен айналысатын компаниялардың, ғылыми ұйымдар мен коммерциялық кәсіпорындардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру жұмыстарын технопарк өз мойнына алған. Ол кез келген команданы, ғылыми жобалармен айналысатын тиімді де белсенді топтарды құруға және жас кәсіпорындар қызметін дамытуға көмектеседі.

Және технопарк сол ұйымдарға өндіріс орындары мен ұжымдық бизнес қызметтерін ұсынады, стартаптарға сервистік қызмет көрсетеді, сондай-ақ кез келген ғылыми жұмысты гранттық қаржыландыру үшін тапсырыс беруге көмектесіп, қажетті кеңес береді. Технопарк команда болып жұмыс жасау үшін және өзара келіссөздер жүргізу үшін компьютерлік техникамен, интернетпен, офистік жұмыс орындарымен толық қамтамасыз етеді.

Технологияның негізгі бағыттары:

  • FabLab тәжірибелік-конструкторлық бюросы

Тәжірибелік-конструкторлық бюро қазіргі заманғы электрондық аппаратурамен жұмыс жасау үшін қызмет көрсетеді, онда өте күрделі аспаптар мен детальдарды жасауға арналған жоғары дәлдікті станоктар бар, (ABS) пластиктен жасалып, аз ғана уақыт ішінде 3D-моделін жасап шығаруға мүмкіндік беретін, 3D-баспаға арналған тамаша материалдық-техникалық база, автобөлшектер, таныстыру үлгілері, ойыншықтар, сувенирлер және басқа да бұйымдар бар.

 

Technopolis Politech технопаркінде кез келген зерттеу жұмыстарының соңғы әдістерін өндіріске енгізу үшін барлық жағдайлар жасалған. Ендеше ғылымға өз үлесімді қосам деп тілек білдірушілерге институт есігі әрқашан да ашық!

 

Толық ақпарат алу үшін, мына телефонға хабарласыңыздар

8 (727) 293 08 90

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.