«Компьютерлік ғылымдар мен технологиялар» атты біріккен бағдарламалар

Мамандықтар:

  • 5В070300 – Ақпараттық жүйелер
  • 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету
  • 5В074600 – Космостық техника және технологиялар
  • 5В100200 – Ақпараттық қауіпсіздендіру жүйелері
  • 5В06200 – Информатика

Computer Science & Engineering бағдарламасының бағыты компьютерлік технологиямен шұғылданатын мамандардың алдына қойылатын қазіргі заманғы талаптарға толығымен сай келеді. Бұл бағдарлама бойынша қазіргі заманғы информатика, мәліметтерге сараптама жасау және бағдарламамен қамтамасыз етуді өңдеумен айналысатын мамандар даярланады.

Алғашқы екі курста бағдарлама барлық мамандықтарға бірдей жүреді. Соның арқасында студенттер өздерінің таңдаған мамандықтарының негізі ретінде тамаша теориялық-практикалық дайындықтан өтеді.

Үшінші курсқа келгенде студент өз мүмкіншілігіне, талантына және талабына сай болатын мамандықты таңдап алады.

Мамандандырылған пәндер Computer Science & Engineering саласы бойынша бос жұмыс орындары бар жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып құрылған. Ал «Автоматтандыру және басқару», «Қолданбалы өңдеу», «Веб және мобильді қосымшаларды өңдеу», «Ақпараттық қауіпсіздік», «Мәліметтерді өңдеу» бағыттары бойынша қойылатын талаптар бөлек берілген.

Бағдарлама құзіреті әртүрлі дәрежедегі 4 модульден тұрады:

  1. Тілдік, коммуникативтік, гуманитарлы және жаратылыстану-ғылыми білім мен икемділік жиынтығы бар жалпы білім беру модулі.
  2. Инженерлік-техникалық және жаратылыстану-ғылыми білім мен икемділікке оқытатын ерекшеліктерді бағдарламаға енгізетін жалпы инженерлік модуль.
  3. Берілген бағдарлама бойынша терең білім беріп, икемділікке үйрететін инженерлік-техникалық модуль.
  4. Бір немесе екі салалық бағыттағы мамандықты таңдауға көмектесетін салалық мамандандырылған модуль, яғни кәсіби модуль.

Бағдарлама ACM нұсқауы бойынша Cambridge University, University College London, MIT, Carnegie Mellon University, Stanford University және басқаларының ұқсас бағдарламаларын ескере отырып жасалған.

Түлектер компьютерлік технологиялар қолданылатын барлық ұйымдар мен құрылымдарда аса жоғары сұранысқа ие болады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.