Білім сапасының кепілдігі

Education

2015 жылы Сәтбаев университеті ғылыми-зерттеу университетінің жұмыс моделін қабылдауы Орталық Азияда ең ірі ғылыми-зерттеу орталығын ашуға мүмкіндік береді. Оның құрамында тамаша диагностикалық және аналитикалық аралас техниканың болуы және ол техникада nanotechnology, renewable energy, material science, biomedicine және конвергенттік технологиялар бағыттары бойынша зерттеу жүргізілетін белсенді бағдарламалардың болуы ықтимал.

Университет ректоры Ескендір Бейсембетов:

«Біздің қызметіміз ғылыми-зерттеу университетінің жұмыс моделіне негізделуі тиіс, өйткені бұл мәселе мемлекеттік дәрежеде өте жоғары түрде талай рет талқыланған. Сәтбаев университетінің ғылыми-зерттеу университеті қызметіне ауысу мәселесіне тек үкімет қана емес, сондай-ақ жоғары оқу орны да қызығушылық танытып отыр. Өйткені ғылыми-зерттеу университетінің жұмыс моделі ғана университетке тұрақты түрде дамуға мүмкіндік береді».

Бұл модельді іске асырудың бір жолы – білім мен ғылымды нағыз өндіріспен біріктіру. Мұндай жағдайда зерттеу университетінің бизнеспен, басқару жүйесімен, сондай-ақ индустриямен тығыз байланысты, мықты білім беруші, зерттеулік әрі ғылыми-өндірістік холдингке айналуына көбіне халықаралық және корпоративтік ынтымақтастық мүмкіндік береді.

2016–2025 жылдарға арналған University-2025 жол картасына сәйкес, университет дүние жүзінің ең үздік топ-300 жоғары оқу орындарының қатарына (Times Higher Education Ranking) қосылып, төмендегі мақсаттарды жүзеге асыруы тиіс:

  • Білім беруші және зерттеу университеті ретінде оны дүние жүзінің мойындауы;
  • ТМД елдеріндегі техникалық зерттеу университеттерінің алдыңғы топ-3 қатарына кіруі;
  • Университет қабырғасында зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік және жеке меншік компаниялардың жоғары сеніміне ие болуы;
  • Зерттеушілер мен білім алушылар үшін ыңғайлы жағдайлар жасауы;
  • Университетке бүкіл дүние жүзінен талантты және келешегі зор талапкерлерді, профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерді тарту;
  • Университет түлектерінің шетелдік және қазақстандық кәсіпорындарға 100 % жұмысқа орналасуы;
  • Техникалық мамандарды халықаралық стандарттарға сай етіп даярлауда үздік атануы.

 

Сертификаттар мен аккредитациялар

Аккредитация – ұсынылып отырған білімнің сапасын қамтамасыз етуге берілетін кепілдіктің маңызды көрсеткіші. Көрсетілетін қызметтердің, өндірілетін өнімдердің сапасы талаптарға, стандарттарға сай екенін ресми түрде дәлелдейді.

Сәтбаев университетінде төменде көрсетілген аккредитациялар мен сертификаттар бар:

  • Мерзімсіз мемлекеттік лицензия №KZ56LAD00005304
  • Сапа менеджменті жүйесінің сертификаты ISO 9001:2015
  • Университеттің НКАОКО (Қазақстан) аккредитациясы
  • ABET (АҚШ) 1 мамандық
  • ASIIN (Германия) 18 мамандық
  • НКАОКО (Қазақстан) 43 мамандық
  • НААР (Қазақстан) 33 мамандық

 

Университет – технология саласындағы ең озық аккредитациялық бағдарламаларға қатысушы.

ABETАВЕТ (The Accreditation Board for Engineering & Technology) – 1932 жылы құрылған америкалық аккредитация жөніндегі инженерлік бағдарламалардың ұлттық орталығы. АҚШ-тың инженерлік қауымдастығы АВЕТ аккредитациясын өте жоғары бағалаған, яғни болашақ жұмыс берушілер мен қажетті білім беретін университеттер де мойындаған. 1997 жылы қоғамда кеңінен орын алған талқылаудан кейін АВЕТ инженер мамандардың 2000 жылдарға арналған стандарттарын құрды (Engineering Criteria 2000 – EC2000). АВЕТ тек төрт сала бойынша – қолданбалы ғылымдар, инженерлік іс, технологиялар, компьютерлік пәндер бағытында түлектерді даярлаған бағдарламаларды ғана қарастырады. Аккредитациядан өткен әрбір бағдарлама мерзімді бағалаудан өтіп тұруы қажет (6 жылда бір рет).

 

ASIINASIIN (Accreditation Agency for Degree Programs in Engineering, Informatics/Computer Science, the Natural Sciences and Mathematics) – инженерлік және жаратылыс тану ғылымдарының аккредитациясы жөніндегі европалық агенттігі. Ол 2002 жылы Германияда құрылған, Жоғары білім беру сапасының кепілдігі жөніндегі европалық ассоциацияның (ENQA) стандарттарын қолданады. Ол Инженерлік білім беру аккредитациясының ENAEE европалық жүйесіне, ақпараттану саласындағы ECTNA және EURO-INF Project европалық химиялық және тематикалық ассоциациясының жүйесіне кіреді. Аккредитацияға «Европалық сапа белгісі» EUR-ACE® Label берумен сүйемелденіп, ол Европаның 16 елі оны мойындады.

 

 

IQAAНКАОКО (Білім беру сапасын қамтамасыз ету немесе IQAA жөніндегі қазақстандық тәуелсіз агенттігі) – қазақстандық оқу орындарында білім беру сапасы мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін құрылған коммерциялық емес ұйым. Ол Қазақстанда білім беру сапасын бағалау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді даярлауға және жоғары оқу орындарын аккредитациялауға қатысады.

IQAA жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Европалық ассоциациясының (ENQA) үлестес мүшесі, Орталық және Шығыс Европа елдерінде жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктер жүйесінің (CEENQA) толық құқықты мүшесі.

 

 

NAARНААР – Аккредитация және рейтинг жөніндегі тәуелсіз агенттік (АжРТА) – қазақстандық ұлттық аккредитациялық агенттік, ол тәуелсіз аккредитация мен рейтинг жүргізу арқылы жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық саясатты дәріптейді. Сапамен қамтамасыз ету жөніндегі Азия-Тынық мұхит желісінің (APQN) мүшесі, ENQА және IREQ-ның толық мүшесі. НААР ҚР Білім және ғылым министрлігімен жүйелі түрде қарым-қатынас жасап, жоғары оқу орындарын халықаралық аккредитациялау және саралау мәселелері бойынша іс-шаралар ұйымдастырып отырады.

 

 

Сәтбаев университеті қабылдаған сапа менеджменті стандарттары

Сапа басқармасының саясаты стратегиялық түрде мамандарды даярлау үрдісі сапасының кепілдігін жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған.

Сәтбаев университеті сапа менеджментінің жүйесі ISO 9001:2015 халықаралық стандартының бесінші басылымына сәйкес жасалып, ендірілген. Сапа менеджменті жүйесін қолдану университеттің қызметін жақсарту жолында және оның тұрақты түрде даму негіздерін қамтамасыз ету үшін стратегиялық шешім болып табылады.

Университетте білім беру сапасына мониторинг жүргізу жүйесі тиімді түрде қызмет етеді, соның нәтижесінде ішкі корпоративті менеджмент орнатылған. Бұл өз кезегінде сапалы білім беру үрдісіне профессорлық-оқытушылар құрамын толық баулуға мүмкіндік береді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.