Ақпарат:

23 ақпан 2021 7397

Сәтбаев Университеті пандемия кезінде оқуға тамаша мүмкіндіктер жасап отыр

Сәтбаев Университеті пандемия кезінде оқуға тамаша мүмкіндіктер жасап отыр

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы «Болон процесінің параметрлерін республиканың жоғары оқу орындарына енгізу туралы баяндамада» Сәтбаев Университетін ашық онлайн-курстар дайындау жөнінен көшбасшы деп таныды.

Баяндамада Сәтбаев Университеті 2020 жылы 400 ашық онлайн-курстар дайындағандығы атап өтілді (Қазақстанның барлық жоғары оқу орындары дайындаған онлайн-курстардың жалпы санынан 28%-ы). Пандемия кезінде қашықтықтан білім берудің нақты мазмұнын ұсынған үш көшбасшы қатарына Рудный индустриалды институты (263 курс) және КИМЭП Университеті (246 курс) кіреді.

Баяндамада Сәтбаев Университеті саны жағынан ең көп студенттерге қашықтықтан білім алуға мүмкіндік беретін университеттер қатарында екендігі атап өтілді. Бүгінгі таңда Сәтбаев Университетінің өзі әзірлеген PolytechOnline платформасында 9500-ден астам адам білім алуда, бұл онлайн оқитын барлық қазақстандық студенттердің 13%-ын құрайды. Студенттер бірден 3000-ға жуық пәндерді оқуға мүмкіндік беретін толыққанды онлайн білім беру жүйесіне қол жеткізіп отыр, ал PolytechOnline платформасы – мазмұны жағынан Қазақстандағы ең бай платформа болып саналады.

Дайындалған мамандарды жедел жұмылдырудың арқасында осындай нәтижеге қол жеткізілді: Сәтбаев Университетінде бұл жобалар бойынша 619 адам және мамандандырылған өндірістік студия онлайн режиміне техникалық қолдау көрсету және контентті әзірлеу курстарында жұмыс істейді. Оқушылардың оқу материалын игеруіне бақылау жасау прокторингтің жасанды интеллектке негізделген электронды жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге университеттік курстар көлемінің қысқа да нұсқа болуымен ерекшеленеді, бұл өз кезегінде мобильді әлемде модульдік оқыту үшін өте маңызды болып табылады.

Университет өз тәжірибесінде ашық онлайн-курстарды қолдануды әсіресе пандемияға байланысты белсенді түрде бастады. Қазіргі таңда бұл жұмыс ақпараттық технологиялардың бірнеше жаңа бағыттарын қолдануға серпін беріп отыр.

ЖОО атауы

      МООК саны

Сәтбаев Университеті

400

Рудный индустриалды институты

263

КИМЭП Университеті

246

Алматы технологиялық университеті

132

Қазтұтынуодағының Қарағанды Экономикалық Университеті

72

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

54

Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті

39

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогика университеті

33

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

30

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университеті

30

Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жолдары институты

16

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

14

М.Х.Дулати атындағы Тараз аймақтық университеті

11

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік  университеті

11

Алматы менеджмент университеті

10

Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

8

Қарағанды техникалық университеті

7

«Болашак» Академиясы

6

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

5

Қазақ инновациялық гуманитарлы-заң университеті

5

Қызылорда «Болашак» университеті

5

Ш. Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университеті

4

Астана медицина университеті

4

Astana It Unversity

4

Мирас Университеті

4

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

3

Баишев университеті

3

Батыс Қазақстан инженерлі-технологиялық университеті

3

Қарағанды индустриалды университеті

2

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

2

Туран-Астана

2

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

1

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті

1

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту