Ақпарат:

19 қыркүйек 2023 3207

Сәтбаев Университетінде «Жоғары оқу орнының оқу үдерісіне Тұрақты даму орталығының интеграциясы» атты курс өтті

Сәтбаев Университетінде  «Жоғары оқу орнының оқу үдерісіне Тұрақты даму орталығының интеграциясы» атты курс өтті

Үстіміздегі жылғы 19 қыркүйек күні Сәтбаев Университетінде біліктілікті арттыру курсы өтіп, бұл іс-шара оқытушылар мен департамент басшыларын тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін оны күнделікті жұмыс барысына біріктіру мәселелері төңірегінде біріктірді. Курс барысында Михаил Елькин «Тұрақты даму мүддесіндегі білім беру» тақырыбында дәріс оқыса, Жадыра Киізбаева «HCD in Education: білім беруде адамға бағытталған дизайн» тақырыбында баяндама жасады.

Курс тыңдаушылары бірінші кезекте тұрақты даму мақсаттары мен оларға қол жеткізу жолдары туралы білімді таратуда дағдыларды жетілдірудің маңыздылығына тоқталды.

– Ең бастысы – білім, – деді Михаил өз сөзінде. – Өйткені біз білім беруді өзгертпейтін болсақ, бірде-бір мақсатқа жете алмаймыз. Аштықты қалай жеңуді білмесек, оны да жеңе алмаймыз ғой. Сондықтан бұл өте маңызды.

Тұрақты даму тәртібі – ХХІ ғасырда дамудың жаңа мәні болып табылады, өйткені ол бүкіл адамзат үшін тұрақтылық пен өркендеуге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Алайда алған білім осы көзқарасқа сай болуы үшін, білім беру саласының форматын ғана өзгертіп қоймай, сонымен бірге студенттер тұрақты әлем үшін қажетті дағдылар мен құзыреттерді меңгеретіндей етіп университетті де тұтастай түрлендіру қажет, яғни ол энергия тұтыну, су тұтыну, сатып алу және мәдениет тұрғысынан жауапты «жасыл ұйымға» айналуы тиіс.

Жобаларды басқару институты жанынан биылғы жылы ашылған Тұрақты даму орталығы Сәтбаев Университетіндегі өзгерістердің катализаторына айналуда. Оның қызметі университет ішінде берік серіктестік орнатуға ықпал етеді және студенттер мен қоғамның үмітін ақтауға көмектеседі.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту