Satbayev University16 ақпанда жасанды интеллектке арналған семинарға шақырады
2023 жылы 16 ақпан күні Satbayev University "Программалық инженерия" кафедрасының "Жасанды интеллект пен машиналық оқытудың қолданбалы әдістері" атты семинары өтеді (Жетекшілері: инж.ғ.д., профессор Мұхамедиев Р.И., PhD, т.ғ.к., профессор Еримбетова А.С., хатшы - Абдығалым Б.Х.).
Басталуы 15:00-де.
Баяндамашылар:
Виталий Левашенко (PhD, Жилин университетінің Информатика кафедрасының профессоры, Жилина қ., Словакия);
Тақырыбы: Жіктеу алгоритмдері және шешімдер ағаштары.
Nicolae Brinzei (профессор, Лотарингия университеті, Нанси қ., Франция);
Тақырыбы: Жүйелердің сенімділігі: құрамдастардың сенімділігінен реттелген графикалық модельдерді қолдану арқылы бүкіл жүйенің сенімділігіне дейін.
Семинар аралас формат түрінде өтеді: онлайн және офлайн.
Семинардың өтетін орны: Қазақстан-Корей орталығы, 403-кабинет.