Биомедициналық инженерия
Солға қарай айналдырыңыз
Білім беру бағдарламаларының тобы | ҰБТ пәндері |
В063 Электротехника және автоматтандыру | Математика - Физика |
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Медициналық және экологиялық инженерия, техника мен технология саласына қажетті мамандарды даярлау, диагностикалау, емдеу, сауықтыру және адам ауруларының алдын алу құралдарын құру және сүйемелдеу, сондай-ақ биомедициналық практика мәселелерін шешуге арналған бағдарламалық жасақтама әзірлеу.
Қазір бұл сала қарқынды түрде дамып, жаңашылдық пен оңтайлы өнім жасау үшін дарынды, жаңа көзқарастағы таланттарды өзіне тартып келеді. АҚШ үкіметінің болжамдары бойынша, қазіргі заманғы технологияның соңғы жетістіктерінің арқасында Америка тарихында бұл ең тез дамып келе жатқан мамандық және алдағы онжылдықтар бойы ең көп ізденетін жеті мамандықтың бірі болады деп сенім бар.
Студенттер механика және басқару жүйелері, электронды құрылғылар, интегралды және микропроцессорлық технологиялар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды, жүйелер мен кешендерді жобалауды және т.б. үйреніп шығады.
Бастапқы курстардан бастап студенттер озық технологияларды зерттеумен айналысады және жобалар әзірлейді. Пәндер студенттер алғашқы күннен бастап өздерін инженер ретінде сезініп, ойлана бастайтындай етіп жасалған. Негізгі теория курстары студенттерге сыни және креативті ойлауға көмектесетін практикалық жұмыстармен және жобалармен үйлесімді болып келеді.
«Биомедициналық инженерия» білім беру бағдарламасының оқу жоспары АҚШ-тағы ең жақсы ғылыми-зерттеу және инженерлік университеттерінің оқу жоспарларына сәйкес жасалған, атап айтқанда, Stanford University, Georgia Institute of Technology, Massachusetts Institute of Technology, University of Pennsylvania, Duke University и Johns Hopkins University.
Түлектер әртүрлі практикалық денсаулық сақтау мекемелерінде, медициналық ұйымдарды дамытушы ұйымдарда және медициналық техниканы өндіруші кәсіпорындарда, ғылыми зертханаларда, институттарда, клиникалар мен медициналық орталықтарда жоғары сұранысқа ие, сондай-ақ медициналық техниканы сатумен және қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындарда, атап айтқанда, MedRemZavod компаниялар тобында, AktubRoentgen, Kazmedpribor Holding, BI Group, Saiman, «КазМедТех» ЖШС, «МедСервис» ЖШС және т.б. қызмет етеді.