Биотехнология
Солға қарай айналдырыңыз
Білім беру бағдарламаларының тобы | ҰБТ пәндері |
В050 Биологиялық және аралас ғылымдар | Биология - Химия |
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Өнеркәсіптік биотехнология және биоинженерия саласына қажетті мамандарды даярлайтын бағдарлама.
Студенттер жаратылыстану ғылымын, жасушалық және молекулалық биологияны, генетиканы, биохимияны, молекулалық және жасушалық биотехнологияның негіздерін, микроорганизмдер мен өсімдіктер биотехнологиясын, жануарлар мен адам жасушаларын оқиды. Оқыту бағдарламасына қалдықтарды қайта өңдеу биотехнологиясы, су ресурстарының биотехнологиясы, биометаллургия және мұнай биотехнологиясы, жобалау негіздері, өндірісті жабдықтау, биотехнологиялық процестерді модельдеу, биологиялық белсенді заттар мен препараттардың биотехнологиялық процесін ұйымдастыру, биотехнологиялық өнімдердің сапасын бақылау кіреді.
Студенттер микроорганизмдерді, тірі ағзаларды жасушалық деңгейде зерттейді, жаңа препараттарды, ферменттер жасауды үйренеді, емдеу әдістері мен олардың микроорганизмдерге әсерін зерттейді. Биотехнологияның маңызды бағыттарының бірі – вирустарды зерттеу және олармен жұмыс жасау. Сондай-ақ алынған технологиялар мен органикалық қосылыстарды өнеркәсіптің, медицинаның немесе ауыл шаруашылығының қажеттіліктеріне қолдануға үлкен мән беріледі. Барлық жаңа препараттар мен биологиялық белсенді заттар биотехнологтардың белсенді түрде қатысуымен жасалады. Мамандар сонымен қатар селекциялық жұмыстарды да жүргізеді.
Түлектер химия өнеркәсібі орындарында, мамандандырылған зертханаларда, фармацевтикалық компанияларда, ғылыми-өндірістік компанияларда биохимиктер, биологтар, вирусологтар, микробиологтар болып жұмыс істейді.