Ақпарат:

Бизнес-инжиниринг

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В044 Менеджмент және басқару Математика - География
Бағасы
905 760 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 140 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Аккредитациялар
naar
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Менеджменттің озық жетістіктерін пайдалана отырып және ақпараттық технологияларға назар сала отырып, заманауи бизнесті басқару жөніндегі мамандарды даярлайды.

Бизнес-инжиниринг (business-engineering) – кәсіпорынды басқару технологиясы, ол кәсіпорын құрылымына (кәсіпорынның ұйымдық құрылымы мен қолда бар бизнес-процестерге) негізделеді де, сыртқы орта моделімен өзара әрекеттесе алады. Бизнес-инжиниринг технологиясы кәсіпорынның сыртқы орта өзгерістеріне жылдам әрекет етуіне байланысты шешуші бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша бизнес-инженерлер кәсіпорындарды осы процестерге жеке тәсіл қолдану негізінде басқарады.

Студенттер бизнес-процестерді және оларды оңтайландыру әдістерін, соның ішінде бизнес-процестерді жобалауды, оларды сипаттауды, өзгертуді, талдауды және оңтайландыруды меңгеріп шығады. Бизнес-процестерді құжаттау, оларды әзірлеуді үйрену оқу процесінің маңызды бөлігін алады, бұл өз кезегінде бизнес-процестерді үнемі жетілдіруге және кәсіпорынның тиімділігін арттыру стратегиясын қалыптастыруға көмектеседі.

Студенттер пәнаралық тәсілді қолдана отырып, күрделі бизнес мәселелерін аналитикалық жолмен шешуге үйренеді.

Түлектер әртүрлі кәсіпорындарда бизнесті дамыту жөніндегі директор, жоба басшысы, ақпараттық жүйелерді енгізу, жоба кеңсесінің басшысы, ұйымдық даму бөлімінің басшысы, бизнес-аналитик, бизнес-сәулетші, бизнес-процестерді оңтайландыру жөніндегі маман, жүйелік интегратор сияқты лауазымдарды атқара алады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту