Геокеңістіктік цифрлық инженерия
Солға қарай айналдырыңыз
Білім беру бағдарламаларының тобы | ҰБТ пәндері |
В074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс | Математика - Физика |
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Картограф және жер өлшегіш мамандарды қалақұрылысы жоспарларын, бағдарламаларын, жобаларын ақпараттық қамтамасыздандыру үшін, өндірістік кәсіпорындарда жұмыс үшін, сондай-ақ жердің табиғи және шаруашылық жағдайы, орналасуы, пайдалану мақсаты, кадастрлық бағасы, жер телімдерінің өлшемі және шекаралары туралы ақпараттар саласына қажетті мамандарды даярлайды. Бағдарлама аккредитациясы– АжРТА (Қазақстан).
Геодезиялық қамтамасыздандырудың заманауи технологияларын, әртүрлі мақсаттар мен масштабтардағы цифрлық карталары құру, нысанның орналасу орнын және оларды кеңістік пен уақытта басқаруды анықтауды қамтитын, деректердің жоғары тиімділік пен айрықша дәлдігін талап ететін, технологияның жаңа деңгейіне ауысатын ең перспективті мамандықтардың бірі.
Алғашқы екі курс студенттері математикалық талдау, алгоритмдер теориясы және мамандыққа кіріспе пәндер бойынша жалпы негізгі білім алады. Болашақта олар мамандандыруды таңдайды және дипломға жазылатын мамандықты меңгереді. Бұл сізге болашақта жаңа технологияларды игеруге, сондай-ақ сәйкес мамандықтар бойынша негізгі білім алу үшін мықты базаға ие болуға мүмкіндік береді.
Мамандану үшін келесі траекториялардың бірін таңдауға болады:
1. Геодезия және картография – геодезиялық қамтамасыздандырудың заманауи технологияларын құру, әртүрлі мақсаттар мен масштабтардағы цифрлық карталары, спутниктік навигация, цифрлық картографиялау, Жерді қашықтықтан зондтау, аэроғарыштық технологиялар салаларында жұмыстар.
2. Жерге орналастыру – бұл мамандық иелері жерге орналастыру жобаларын құруды, жерді рекультивациялау, жер мониторингін жүргізу және жерді түгендеуді жүзеге асырады; жоғары дәлдіктегі құралдар мен компьютерлік техниканы пайдаланып, геодезиялық түсірімдер жүргізеді.
3. Кадастр – Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи-шаруашылық жағдайы туралы, жер учаскелерiнiң мақсатты пайдаланылуы, мөлшерi мен шекаралары, олардың сапалық сипаттамалары, жердi пайдалануды есепке алу және жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы ақпараттың саласы.
Геодезиялық аспаптармен жұмыс жасау, топографиялық-геодезиялық түсірістер жүргізу, AutoCAD және CREDO бағдарламаларында топографиялық-геодезиялық деректерді камералды өңдеу, аэрофототүсіріс және Жерді қашықтықтан зондтау арқылы алынған ақпаратты өңдеу, жобалық геометриялық деректеріне сәйкес жабын жер бетіне шығару, ArcGIS, MapINFO, QGis кәсіби ГАЖ-бағдарламалар көмегімен картографиялық жұмыстар жасау, сандық фотограмметрия негіздерін меңгересіз.
Бір жылдық оқудан кейін студенттер оқу-геодезиялық тәжірибеден өтеді. 2және 3-ші оқу жылынан кейін өндірістік тәжірибеден өтеді. Оқудың соңғы жылында – диплом алдындағы тәжірибеден өтеді. Студенттерге тәжірибеден өту орындары – Алматы қаласының жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті, «ГеоАлидада» компаниясы, «ГеоСтройИнвест», География институты, «Геоком Информ», «Tin One Mining», «Геотроникс» , КazGeoCompany, «Topoplan-3D» және тағы басқалары. Қазіргі заманғы геодезиялық аспаптар бойынша барлық сабақтар Қазақстандағы «LeicoGeoSystems» компаниясының филиалында өткізіледі.
Кафедра Қытай тау-кен технологиялық университетімен, Мичиган техникалық университетімен, Санкт-Петербург тау-кен университетімен, Ресей ғылым академиясының жерді кешенді пайдалану проблемалары институтымен және тағы басқаларымен ынтымақтастықта. Студенттер ЭРАЗМУС+ академиялық білім алмасу бағдарламасына қатыса алады.
Бағдарламаның түлектері картограф, гаж-маман, геодезист, топограф, фотограмметрист, жер ресурстарын пайдалану мен қорғауды бақылау инженері, жер қатынастары бөлімінің маманы, жерге орналастырушы инженер, кадастрлық инженер және т.б. қызметтерде жұмыс істей алады.
Түлектер жер ресурстарын басқару органдарында, жобалау институттарында, қалалардағы коммуналдық қызметтерде, құрылыс компанияларында, мұнай-газ өнеркәсібінде, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінде, кешенді зерттеу бөлімінде, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығында, оның еншілес компанияларында, аудандық және қалалық кадастрлық филиалдар, сондай-ақ әртүрлі кәсіпорындардың жерлерді бағалау бөлімшелерінде жұмыс жасайды.