Инженерлік механика және модельдеу
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест элементтері |
|
М103 Механика және металл өңдеу |
Өзара алмасу негіздері |
Машина бөлшектері |
Инженерлік жүйелер мен құрылымдарды жасау, инженерлік механика және компьютердік технология саласына, математика, физика, информатика және робототехника қиылысында механикалық қозғалысты модельдеу саласына қажетті мамандарды даярлау.
Бағдарлама инженерлік негіздерді практикалық дизайн мүмкіндіктерімен үйлестіре білуімен ерекшеленеді. Оқу барысында математикалық модельдеу әдістерінің көмегімен қатты денелердегі, сұйықтардағы, газдардағы және плазмалардағы физикалық процестерді болжауға баса назар аударылады. Заманауи есептеуіш және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, бағдарламалау және зерттеу бойынша алынған білімі мен тәжірибе түлектерге заманауи техниканың жұмыс үрдісін тез үйренуге, жаңа технологиялардың кең спектрін оңай меңгеруге мүмкіндік береді.
Бағдарлама MIT, Стэнфорд университеті, Кембридж университеті, Пенсильвания мемлекеттік университеті, Наньян технологиялық университеті (Сингапур), Н. Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік технологиялық университеті, Санкт-Петербургтің Ұлы Петр политехникалық университеті сияқты әлемдегі ең үздік зерттеу және инженерлік университеттердің бағдарламалары негізінде әзірленген. Оқу бағдарламасы инженерлік механика және машина жасау, ақпараттық технологиялар және Қазақстанның экономикасы мен өнеркәсібінің қажеттіліктерін дамытудың заманауи тенденцияларына толығымен сәйкес келеді.
Түлектер өнеркәсіптің кез келген дерлік саласында, әсіресе машина жасау және энергетика саласында инженер болып жұмыс істей алады, сондай-ақ жоғары оқу орындарында оқытушылық қызмет те атқарады, ал көптеген түлектер бизнесте немесе қоғамдық қызметте мансапты жалғастырады.