Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Солға қарай айналдырыңыз
Білім беру бағдарламаларының тобы | ҰБТ пәндері |
В060 Химиялық инженерия және үдерістер | Химия - Физика |
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Мұнай химиясы, сондай-ақ полимерлерді өндіру және өңдеу саласында маманданған инженер-химик-технологтарды даярлау бағдарламасы.
Негізгі органикалық синтез өнеркәсібі, синтетикалық органикалық заттарды өндіру – химия өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі болып табылады. Химия, фармацевтика, парфюмерия өнеркәсібі бір орында тұрмайды, сондықтан да химиялық технология мамандығына сұраныс үнемі өсіп отырады.
Студенттер физикалық, органикалық және бейорганикалық химияны, алифатты қатардағы қосылыстардың органикалық химиясын, циклдік қосылыстардың химиясын, жалпы химиялық технологияны, химиялық өндірістің негізгі процестері мен аппараттарын оқиды.
Сонымен қатар студенттер органикалық заттардың әртүрлі түрлерін (аралық өнімдер, еріткіштер, мономерлер және қосалқы заттар) өндіруді ұйымдастыруды, полимерлер мен полимерлі материалдарды, синтетикалық материалдарды, жуғыш заттарды, органикалық бояулар мен мұнай-химия өнімдерінің басқа да түрлерін алуды үйренеді.
Түлектер мұнай өңдеу, мұнай химиясы, полимерлерді өңдеу, геология, гидрогеология, тау-кен ісі сияқты салалардағы химиялық және органикалық синтез өндіретін кәсіпорындарында химиялық технолог, маман, инженер-зертханашы болып жұмыс істей алады, сондай-ақ мектептер мен колледждерде сабақ бере алады.