Ақпарат:

Startup бакалавриат

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В044 Менеджмент және басқару Математика - География
Бағасы
905 760 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 140 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Аккредитациялар
naar
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Бизнесті басқару саласына, атап айтқанда, бағдарламалау, биомедициналық инженерия, электроника және электротехника сияқты салаларға қажетті мамандарды даярлау бағдарламасы. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі кәсіпкерлік университетінің стратегиясы аясында жасалған.

Қазақстанда кәсіпкерлікке қолдау көрсету белсенді түрде жүзеге асырылуда. Шағын және орта бизнес кез келген елдің экономикасының маңызды бір бөлігі болып табылады, ал бизнес туралы білім беру – экономикалық дамудың маңызды негіздерінің бірі. Менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, адам ресурстары, операциялар, іскерлік дағдылар, мансапты жоспарлау – болашақта ірі кәсіпкер болғысы келетіндер үшін ғана емес, барлық студенттер үшін аса маңызды.

Бағдарлама студенттердің бойында бизнесменге қажетті дағдыларды дамытуға, олардың кәсіпкерлік қабілеттері мен коммуникативті дағдыларын дамытуға бағытталған. Студенттер жобаларды басқару теориясы мен тәжірибесін, қаржы және инвестицияны, бухгалтерлік есеп пен аудитті, өнертапқыштық есептерді шешу теориясын, инженерлік және компьютерлік графиканы, кәсіпкерлік құқық пен маркетингті оқиды.

Оқыту процесінің ең маңызды бөлігі – тәжірибеден өту болып табылады, бағдарламаны сәтті аяқтаған түлектің сатушылықпен айналысатын жеке компаниясы болуы мүмкін. Бітіруші түлек өзінің көшбасшылық қасиеттері мен кәсіпкерлік дағдылары негізінде бизнес-процестерді басқаруға және шешім қабылдауға қабілетті болады. Тәжірибелік кәсіпкерлік дағдылармен қатар студенттер өз өнімдерін әзірлеуге қажетті техникалық білім де алып шығады.

Бағдарлама «Атамекен» ҰКП және Сәтбаев Университетінің Enactus командасы студенттерінің қолдауымен әзірленді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту