Ақпарат:

Технологиялық машиналар және жабдықтар

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В064 Механика және металл өңдеу Математика - Физика
Бағасы
1 111 380 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 416 000 теңге / 1 оқу жылына
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Әртүрлі технологиялық машиналар мен қондырғыларды орнату, олардың жұмыс істеу принципі, ұтымды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша мамандар даярлау. Дайындық оқытудың үш траекториясы бойынша жүзеге асырылады:

  • Тау-кен машиналары мен жабдықтары;
  • Металлургиялық машиналар мен жабдықтар;
  • Мұнай-газ машиналары мен жабдықтары.   

Жалпы білім алатын студенттер болашақта өздері таңдаған негізгі  математика, физика пәндері аясында қолданылатын техникамен жұмыс істеуге баса назар аударады.

Түлектер жабдықты жобалауды, өнеркәсіптік техниканы монтаждау, баптау, пайдалану мен жөндеуді үйреніп, машина бөлшектерінің сызбасын әзірлеуді, техника жұмылдырылған технологиялық үдерістердің барысын бақылауды және оның нәтижесін бағалауды үйреніп шығады.

Тау-кен машиналары мен жабдықтары 

Тау-кен жабдықтарының мамандары тау-кен кәсіпорындарында жұмыс істейді және конвейер, құбыр, автомобиль және теміржол көлігі, компрессор, желдеткіш, сорғы және көтеру қондырғылары қолданылатын компанияларда  жұмыс істей алады.

Металлургиялық машиналар мен жабдықтар

Металл жабдығы жөніндегі мамандар күрделі пайдалану жағдайларында жабдықтың сенімді жұмысын қамтамасыз етеді. Олар металлургиялық машиналардың конструкциясын жетілдіру, жабдықтарды монтаждау, жөндеу және пайдалану мәселелерімен айналысады.

Мұнай-газ машиналары мен жабдықтары  

Қазақстандағы мұнай-газ саласы технологиялық жабдықтары мен машиналары жөніндегі өндірістік процестің барлық кезеңдерінде ұңғымаларды бұрғылаудан, мұнай мен газды өндіруден, жинаудан және дайындаудан бастап тұтынушыға дейін жеткізуге   мамандарсыз мүмкін емес.

Түлектер тау-кен, мұнай-газ және металлургия өнеркәсіптерінің өнеркәсіптік кәсіпорындары мен зауыттарында, салалық және оқу зертханаларында жұмыс істейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту