Полимер өндіру және қайта өңдеу химиялық технологиясы
Солға қарай айналдырыңыз
Білім беру бағдарламаларының тобы | ҰБТ пәндері |
В069 Материалдар өндіру (әйнек, қағаз, пластик, ағаш) | Математика - Физика |
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Пластмасса бұйымдарын өндіру және полимерлік материалдарды, яғни макромолекулалары атомдардың қайталанатын бірдей топтарынан тұратын заттарды өңдеу саласына қажетті мамандарды даярлау бағдарламасы. Мұндай материалдардың өндірісі үнемі даму үстінде және болашақта да сөзсіз дамиды, сондықтан да осы өндіріс саласында мамандарға деген қажеттілік күннен-күнге артып келеді.
Бағдарлама полимерлер химиясы мен физикасына негізделген және пластмассаларды өңдеудің физика-химиялық негіздерін, компьютерлік модельдеуді, пластиканы өңдеуге арналған жабдықтарды, технологиялық процестер мен өндіріс режимдерін жобалау жүйелері мен әдістерін, автоматтандырылған жобалау жүйелерінің негіздерін, дайын өнім мен шикізаттың сапасын арттыру мәселелерін, қалдықтарды қайта өңдеу әдістерін, қоршаған ортаның ластануын алдын ала ескерту әдістері оқытуды қамтиды.
Студенттер өндірістің аз қалдықты, энергияны үнемдейтін және автоматтандырылған технологиялық процестерін құру принциптерін меңгеріп шығады, полимерлерді өңдеудің технологиялық процестері мен режимдерін әзірлеуді және енгізуді, өндірістік процеске арналған жабдықтарды таңдауды, жұмыс тәртібін орнатуды, тәжірибелік-эксперименттік зерттеулер жүргізуді үйренеді, өндіріс тиімділігін арттыру, автоматты және жартылай автоматты желілер операторларының жұмысын ұйымдастыру және бақылауды үйренеді.
Түлектер ірі өнеркәсіптік орындарында, сондай-ақ полимерлерден халық тұтынатын тауарларды шығаратын шағын және орта бизнестік кәсіпорындарда полимерлерді өндіру және өңдеу бойынша инженер, менеджер, технолог болып жұмыс істейді.