Ақпарат:

Жылу энергетикасы

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В062 Электротехника және энергетика Математика - Физика
Бағасы
1 111 380 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 416 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Бағдарлама жылу желілері, жылу беру жүйелері мен жылу-энергетикалық станцияларда, оларды қолдану саласында (АЭС, ГЭС) қызмет ететін мамандарды даярлайды. Түлектерге «Техникалық ғылымдар және технологиялар бакалавры» ғылыми дәрежесі беріледі.

Студенттер өнеркәсіптік және тұрмыстық жылу-энергетикалық жабдықтармен жұмыс жасау, энергетикаға аудит жүргізу және кәсіпорындардағы энергияны үнемдеу салалары бойынша білім алып шығады. Олар жылу техникасының теориялық негіздерін, техникалық термодинамиканы, жылу электр станциялары мен атом электр станцияларының аралас циклді және газтурбиналық қондырғыларын, қазандық қондырғылары мен бу генераторларын, күн қондырғылары мен жылу сорғыштарды, жылу энергетикалық жүйелері мен энергияны пайдалану жолдарын үйренеді. Кәсіпорындар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық үшін жылу және масса алмасу жабдықтары мен жылумен қамтамасыз ету жүйелерін есептеуді және жобалауды біліп шығады, ЖЭО жабдықтарын және кәсіпорындардың жылу және масса алмасу жабдықтарын пайдаланудың практикалық мәселелерін меңгеріп шығады.

Бағдарламаны бітіріп шыққан түлектер «Қазцинк», «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг», «KEGOC», «АЖК», «Алматы жылу желілері», «Қазатомөнеркәсіп» компанияларында мына қызметтерді атқарады:

  • инженер-энергетиктер – жылумен және энергиямен қамтамасыз ету жүйелерін әзірлеу, өндіру және оларды пайдалану;
  • жылу техникасы инженерлері – тұрғын үйлер мен коммерциялық ғимараттарды жылумен қамтамасыз ету, тиісті жабдықтарды пайдалану (жылыту құрылғылары, тоңазытқыш, кептіру қондырғылары және т.б.);
  • энергетикалық жүйенің диспетчерлері – өз қызмет көрсету аймағындағы энергетикалық жүйенің жұмысын басқару;
  • жылу жүйелерін жобалаушылар – жылу жүйесіне түсетін салмақты есептеу және қажетті жылу-энергетикалық жабдықтарды таңдау;
  • бу турбинасының машинистері – турбиналық жабдықтың және генератордың салқындату жүйесінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету;
  • қазандық қондырғысының операторлары – қатты отынмен жұмыс істейтін бу қазандығына қызмет көрсету.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту