Ақпарат:

Цифрлық энергетика

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В063 Электротехника және автоматтандыру Математика - Физика
Бағасы
1 111 380 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 416 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
tsifrovaya-energetika
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Цифрландыру, заманауи энергетикалық нысандарды пайдалану және басқару саласына қажетті мамандарды даярлау. Бұл энергетика мен IT-сфералардың қиылысында дүниеге келген инновациялық бағдарлама. Бағдарламаны аяқтағаннан кейін түлектерге «Цифрлық энергетика саласының техника және технология бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Студенттер заманауи электр энергетикасы, өндірісті цифрлық басқару және бағдарламалау пәндерін оқиды. Олар электр желілерін басқарудың интеллектуалды жүйелерін, электр энергетикасындағы басқару процестерін автоматтандыру құралдарын, басқару жүйелеріне арналған бағдарламалық құралдарды, Unity Pro көмегімен логикалық контроллерлерді бағдарламалауды, электрмен жабдықтау жүйесіндегі SCADA, электр жүйелерінің компьютерлік қорғанысы мен қауіпсіздігін, электр жетектерін басқарудың цифрлық жүйелерін, сондай-ақ энергетика саласындағы энергия үнемдейтін және ресурстарды үнемдейтін технологияларды меңгеріп шығады.

Студенттер электр жабдықтарын пайдалану мен диагностикалау, энергетикалық жүйелерді есептеу және жобалау, есептеулер үшін қолданбалы бағдарламаларды пайдалану, энергетикалық жүйелерді жобалауды модельдеу және автоматтандыру дағдыларын меңгереді, энергиямен жабдықтауды есептеу әдістерін қолдануды, есептеулерді жүргізуді, электр станцияларының электр энергиясын тұтынуы туралы, электр энергиясын тұтынуды есепке алуды, сондай-ақ әртүрлі электр жабдықтарындағы энергия шығындарын есептеуді үйреніп шығады.

Студенттер «KEGOC», «АЖК», «АлЭС», «Elcos», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазцинк», «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг», «Қазминералс», «Қазахмыс» секілді ірі-ірі кәсіпорындарда практикадан өтеді.

Түлектер энергетика, құрылыс, көлік, металлургия, химия, тау-кен байыту, мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы электр станциялары мен қосалқы станцияларында, өнеркәсіптік және өндірістік кәсіпорындарда инженер болып жұмыс істейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту