Машина жасау өндірісін цифрландыру
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Механикалық жүйелердің динамикасының, беріктігінің, сенімділігінің мәселелерін шешу үшін жаңа жабдықтарды, аспаптарды, машиналарды, конструкцияларды және жаңа материалдарды есептеу мен құрастырудың заманауи әдістерін қолдану негізінде бәсекелестікке қабылетті машина жасау өнімдерін өндіруге бағытталған мамандарды даярлау. Түлектерге PhD докторы дәрежесі беріледі.
Сіз өндірістік процестерді жүзеге асыру үшін техникалық жағдайды тексеріп, технологиялық жабдықтарды ұстап тұру, профилактикалық тексерулер мен ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру, өнімнің жаңа үлгілерін, құрастырмаларын және бөлшектерін құрастыруды, іске қосуды, сынақтан өткізуді және іске қосуды ұйымдастыруды (техникалық тапсырмаға сәйкес), машина жасау құрылымдарының бөліктері мен компоненттерін есептеу және жобалауды білетін боласыз.
Докторанттар заманауи жабдықтармен және құралдармен, компьютерлік техникамен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған 30 арнайы зертханада практикалық тәжірибе жинақтайды. Оқу барысында ADEM, SolidWorks, AutuDesk, Compass 3D, MSC Nastran, Comsol multiphisics және APM WinMachine секілді халықаралық деңгейдегі компьютерлік жобалаудың соңғы жүйелерін пайдаланады.
Институт көптеген шетелдік техникалық университеттермен өзара байланыс жасайды және TFH Georg Agricola университеті, Пенсильвания университеті, Лорейн университеті, AGH ғылым және технология университеті, CAUST, Техас университеті, Браунсвилль, Ляонинг ғылым және технология университеті (Қытай) және басқа да университет профессорларымен байланыс орнатуда. Докторанттар әлемдегі техникалық жоғары оқу орындарында оқиды.
Бітірушілер инженерлік және көлік салаларында, функционалдық, металл және наносалалық материалдар өндірісінде, конструкторлық бюроларда және ғылыми-зерттеу институттарында сұранысқа ие және мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарға ие.