ҚР БжҒМ-нің Академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бағдарламалары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттерге шетелдік университетте семестр бойы оқуға мүмкіндік береді. Министрлік грантқа екі жаққа ұшу сапары, 120 күндік жатақхана, медициналық сақтандыру және визалық шығындар кіреді.

ҚР БжҒМ грантына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурс жыл сайын ақпан айынан бастап, сәуір айына дейін өткізіледі (ҚР БжҒМ сұранысына сәйкес конкурс күндері өзгеруі мүмкін).

Байқауға қатысу үшін:

mark Сәтбаев Университетінің Халықаралық ынтымақтастық орталығына құжаттарды тапсыру керек.
mark Ағылшын тілінен тест тапсырып, тіл білу деңгейін дәлелдейтін сертификат тапсыру керек.

Ұсынылған құжаттар мен тесттің қорытындысы негізінде конкурстық комиссия озат үміткерлерді таңдап алады.

ҚР БжҒМ құжаттарға қатысты талаптарды жыл сайын нақты анықтап отырады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

mark Үміткер бакалавриаттың 2-4-курсының немесе магистратураның 2-курс студенті болуы тиіс;
mark Академиялық көрсеткіштері жоғары (орташа балл 3,5-тен жоғары) болуы керек;
mark Ағылшын тілінде сертификатта дәлелденгендей (B2 және одан жоғары) еркін сөйлей білуі керек.
icon1

Қажетті құжаттар тізімі:

Ректордың атына жазылған өтініш;
Шақыру қағазының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесі нотариальды түрде расталған болуы тиіс;
Үш жақты келісімшарт;
Факультеттің Ғылыми кеңесінен көшірме үзінді;
Транскрипт;
Шет тілді білетіндігі жөнінде сертификат;
Жеке оқу жоспары;
Медициналық анықтама (№082 үлгісі).

Erasmus+ бағдарламасы

erasmus

Эразмус+ – Еуропалық Одақтың 2014 жылдан 2020 жылға дейін жұмыс істейтін коммерциялық емес бағдарламасы, ол ЕО-ға мүше елдердің, сондай-ақ Исландия, Лихтенштейн, Македония, Норвегия, Түркия университеттерінің студенттер мен оқытушылары арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас пен өзара білім алмасуды қолдауға бағытталған. Erasmus + бағдарламасына әлемнің 33 елінен 4 мыңнан астам білім беру ұйымдары қатысады.

erasmus
Бағдарламаның атауы Голландия философы Эразм Роттердамскийдің есімінен шыққан, ол өзінің саналық көзқарасын кеңейтіп, жаңа білім үйрену үшін Еуропаның көптеген қалаларында өмір сүріп, жұмыс істеген. Сонымен қатар Erasmus сөзі «Университет студенттерінің ұтқырлығын арттыру бойынша Еуропалық қоғамдастықтың іс-қимыл жоспары» дегенді білдіретін қысқартылған сөз (ағылш. – European Region Action Scheme for the Mobility of University Students).

2007 жылдан бастап бағдарлама шетелдік компанияларға жұмысқа орналасуға қолдау көрсетеді. Жұмыс берушілер әдетте үміткердің түйіндемесінде Эразмус + болғанын құптайды. 1987 жылы бағдарлама іске қосылғаннан бері оған 2,2 миллионнан астам студент қатысқан. 2020 жылдан кейін әрбір бесінші еуропалық студент бағдарламаның қатысушысы болады деп жоспарланып отыр.

Эразмус+ бағдарламасына үміткер студенттер конкурстық негізде қабылданады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

mark Кем дегенде 2 жыл жергілікті жоғары оқу орнының студенті болуы тиіс;
mark орташа балл университет анықтаған деңгейден жоғары болуы керек;
mark қабылдаушы университетте жүретін оқу тілін білуі керек.
icon 1
Жеңімпазды жергілікті университет таңдайды. Оқу және тағылымдамадан өту мерзімі 3 айдан 1 жылға дейін созылып, барлығы 2 жылды құрайды. Бағдарламаға 1 рет білім беру бағдарламасы бойынша және 1 рет тәжірибе алу бойынша қатысуға болады. Бағдарламаға қатысушылар жергілікті университетке қайтып оралғаннан кейін олардың шетелде болған уақыты есепке алынатынына Эразмус + кепілдік береді.
icon 2
Студенттер қабылдаған университетке оқу ақысын төлемейді, барлық шығындарды Еуропалық Одақ пен жергілікті университет көтереді. Студенттердің көпшілігі шетелде өмір сүру шығындарын жабу үшін шәкіртақы алады.
icon 3
Көптеген еуропалық студенттер үшін Эразмус + бағдарламасына қатысу – шетелде өмір сүруге және оқуға алғашқы мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде «Эразмус тәжірибесі» мәдени құбылыс ретінде танымал болды. Бұл басқа елдерде қосымша білім алудың мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар шетелдік құрдастармен байланыс орнатудың да мүмкіндігі.
icon1

Қажетті құжаттар тізімі:

ҚР азаматы төлқұжатының көшірмесі;
Ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт СУ мөрімен расталған болуы керек;
Шет тілді білу деңгейін дәлелдейтін құжат (үміткерде төмендегі құжаттардың бірі болуы керек):
а) шет тілді білу деңгейін бағалайтын халықаралық жүйелер арқылы алынған сертификат, егер бар болса (IELTS, TOEFL және т.б.);
б) шетелдік университеттің студентті шет тілін сол білу деңгейімен қабылдауға келісім бергені жөніндегі хаты;
в) қазақстандық жоғары оқу орнындағы тестілеудің нәтижесі (В2-ден төмен болмауы керек).
Үміткер ҚР-нан шетелге шығатын кезде 18 жасқа толмаған болса, оның шетелге шығуына ата-аналарының, қамқоршы адамның, заңды өкілінің жазбаша түрде берген келісімі;
Студенттің көп балалы отбасынан екендігін дәлелдейтін отбасы құрамы туралы анықтама;
Студенттің ата-анасының жоқтығын дәлелдейтін құжат (жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жататын студенттер үшін);
Студенттің мүгедектігін анықтайтын құжат;
Ынталандыру хаты (хатта мына сұрақтарға жауап болуы тиіс: Erasmus+ бағдарламасы неліктен менің болашақ кәсіби мамандығыма үлес қоса алады? Erasmus+ шәкіртақысына неге дәл мен лайықтымын? Бұл бағдарламадан мен не күтемін?);
Профессор немесе сәйкес институттың Директоры жазған ұсынымхат;
Құжаттар үміткердің аты-жөні, мамандығы мен шифры, кафедрасы, институты және байланыс үшін мәліметтері көрсетіле отырып, қағаз түрінде папкаларда да, электронды жеткізгіштер арқылы да тапсырылады.

«Мевлана» алмасу бағдарламасы

mevlana

«Мевлана» алмасу бағдарламасы – Сәтбаев Университеті мен Түркияның серіктес университеттері арасында студенттер мен профессорлы-оқытушылар құрамының алмасуын көздейтін және Түркияның Жоғары білім беру кеңесі арқылы жартылай қаржыландыратын бағдарлама. Бұл бағдарлама бойынша студенттер Түркиядағы университеттердің бірінде бір немесе екі семестр бойы оқуға, ал оқытушылар – екі аптадан үш айға дейін аптасына кемінде 6 сағат дәріс оқуға мүмкіндік алады.

Қаржыландыру

icon 1
«Мевлана» алмасу бағдарламасы аясында студенттер қабылдаушы университетке оқу ақысын төлемейді және ешқандай қосымша шығын шығармайды, бірақ келген оқу орнында (егер де олар ақылы бөлімнің студенттері болса), оқу ақысын міндетті түрде төлейді.
icon 2
«Мевлана» алмасу бағдарламасы студенттерді Түркияның Жоғары білім беру кеңесінің (YOK) қолдауымен ай сайын 1200–1300 TL көлеміндегі шәкіртақымен қоса, тегін оқумен қамтамасыз етіп отырады. Шәкіртақы студенттер қабылдаушы университетке келгеннен кейін 4 ай бойы ай сайын үздіксіз төленіп тұрады.
icon 3
«Мевлана» бағдарламасы аясында оқытушыларға тәуліктік күнкөріс шығыны үшін күніне 45–55 TL көлемінде қаражат бөлініп тұрады. Сондай-ақ көлік шығындарын өтеу үшін 3000-3500 TL мөлшерінде қаражат төлеу қарастырылған.

«Мевлана» алмасу бағдарламасына қатысу үшін қойылатын талаптар:

mark ҚР-ның азаматтығы болуы керек;
mark Осыған дейін «Мевлана» алмасу бағдарламасына қатыспаған болуы керек;
mark Ағылшын және түрік тілдерін жақсы меңгерген болуы керек.

Студенттерге қойылатын талаптар:

mark GPA орташа баллы жоғары болуы керек:
- Бакалавриат: 4,0-ден кем дегенде 2,5;
- Магистратура мен докторантура үшін: 4,0-ден кем дегенде 3,00 болу керек.
icon1

Қажетті құжаттар тізімі:

Студенттер үшін:

mark ҚР азаматы төлқұжатының көшірмесі (төлқұжат жоқ болса, жеке куәлігінің көшірмесі);
mark Толтырылған анкета;
mark Транскрипт және оқу орнынан алынған анықтама;
mark Тілді (ағылшын және түрік тілін) білетіндігі жөнінде сертификат.

Оқытушылар үшін:

mark ҚР азаматы төлқұжатының көшірмесі (төлқұжат жоқ болса, жеке куәлігінің көшірмесі);
mark Жарыққа шыққан жарияланымдар тізімі және түйіндеме;
mark Дәрістер/семинарлар жоспары;
mark Тілді (ағылшын және түрік тілін) білетіндігі жөнінде сертификат.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту