
Бұл мектеп Сізге қажет, егер де:



Сабақ кестесі
Сабақ онлайн форматта әр сенбі күндері
Microsoft Teams платформасында өтеді
Мектеп туралы
Мектептер мен колледж мұғалімдеріне, жоғары оқу орындары оқытушыларына арналған Қосымша білім беру және біліктілікті арттыру мектебі Сәтбаев Университетінің Химиялық және биологиялық технологиялар институты (ХжБTИ) жанынан ХжБТИ-ның директоры Туйебахова Зоя Каимовнаның бастамасымен құрылды. Оның мақсаты – мектепте білім беру кезіндегі олқылықтарды жою және оқушыларды жоғары мектепте, яғни университетте оқуға дайындау.
«Сәтбаев Университеті – Алматы қаласы мектептеріне» атты қайырымдылық жобасы 2020 жылдың жазында басталды. Біз Алматы облысының мектептерімен жұмыс жасай отырып, бұл жобаны бүгін де жалғастырудамыз.
Жобаның мақсаты – мектепте білім беру кезінде химия, биология, физика және математика пәндері бойынша кеткен олқылықтарды жою.
Мектеп өз қызметін 2021 жылы химия пәнін оқытудан бастады. Бұл пән ҰБТ-да химияны бейінді пәндердің бірі ретінде таңдайтын мектеп оқушылары үшін ғана емес, сонымен қатар «Биотехнология», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Экология» сияқты инженерлік мамандықтары бар «Химиялық және биохимиялық инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша университетке түсуді жоспарлап отырған әрбір мектеп пен колледж түлектері үшін де қажет және өте маңызды. Сондай-ақ «Металлургия», «Тау-кен ісі», «Мұнай-газ ісі», «Құрылыс материалдарының өндірісі», «Техникалық физика және наноматериалдар», «Биомедициналық инженерия» және т.б. сияқты инженерлік мамандықтарға түсу үшін де қажет.
Әртүрлі инженерлік мамандықтарға түсетін талапкерлер үшін ҰБТ-ның бейінді пәндері ретінде әдетте физика-математика таңдап алынады, бірақ университеттің оқу жоспарларында «Жалпы химия», «Аналитикалық химия», «Физикалық химия», «Мұнай және газ химиясы» сияқты пәндерді оқыту қарастырылған. Міне, осы пәндерді ойдағыдай игеру үшін мектеп бағдарламасында химияның іргелі негіздерін меңгеріп алған дұрыс.
Біз мектеп және колледждердің оқушылары мен түлектерін, мектеп мұғалімдерін, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушыларын сабағымызға шақырамыз!
Біз жоғары оқу орындарында оқытушы ретінде қызмет етіп жүрген магистранттар мен докторанттарды өз мектебімізге шақырамыз!