18 маусым 4738

«Мамандық таңдау форумы»

«Мамандық таңдау форумы»

Қазіргі заманға сай ғажайып шоу-тамашаға барғыңыз келе ме? Үстіміздегі жылдың қараша айында «Мамандық таңдау форумы» атты ерекше тамаша шоу өтеді деп күтілуде. Атышулы іс-шараның ең басты қонақтары – Алматы қаласы орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары болмақ. Ал Қазақстанның барлық алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары оқушылардың назарына өздерінің мамандықтарын ұсынатын болады. Олардың ішінде, әрине, Сәтбаев университеті де бар. Форум орасан зор «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді. Бұл ғажайып шоу қазіргі заманғы 3D қондырғыларының әсерлеріне байланысты және қоюшы режиссерлердің тәжірибелі біліктілігіне байланысты өте тамаша өтетін болады деп күтілуде.

Ал біз өз кезегімізде техникалық мамандықтардың келешегі зор, әрі мүмкіндіктері мол екендігін тағы бір рет қайталап, соның арқасында Илон Маск, Джефф Безос, Билл Гейтс пен Джек Ма секілді данышпандар дарындылығымен де, байлығымен де дүние жүзіне танымал болғанын айтқымыз келеді. Егер сіз де солардың қатарынан орын алғыңыз келсе, онда сізді қараша айында өтетін «Мамандық таңдау форумында» асыға күтеміз!     

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.