30 наурыз 1668

«Мамандық таңдау» инновациялық форумы

«Мамандық таңдау» инновациялық форумы

Алматы қаласының 11-сынып оқушыларына арналған ең алғашқы әлеуметтік инновациялық «Мамандық таңдау» форумы 2018 жылдың 27–28 ақпан күндері «Rixos Almaty» қонақ үйінде өтті. Оқушылар келешек кәсіби қызметіне жарамдылығы жөнінде арнайы тексерістен өтіп, өздерінің қабілеттілігі мен мүмкіндіктерін анықтады. Сәтбаев университетінің өкілдері мамандықтар туралы толық ақпарат беріп, келешек мамандықты қалай дұрыс таңдау керектігі жөнінде ақыл-кеңестерін берді. Оқушыларға «Мамандық таңдау кілті» атты кітапты сыйға таратты. Кітапта келешектегі ең өзекті мамандықтар тізімі, олар туралы нұсқаулықтар мен тест берілген.

Бұл кездесу Халықаралық «EDTECH» білім беру орталығының «Мамандық таңдау марафоны» атты әлеуметтік жобасының аясында өтті. Форумға Алматы қалалық білім беру басқармасы, Халықаралық «EDTECH» білім беру орталығы (Эдтэк) және Алмалы ауданының әкімі қолдау көрсетті.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.