Қолданбалы бағдарламамен қамтамасыз етуді өңдеу

Applied Software Engineering

Мақсатты магистратураның жұмысқа тұру кепілдігі бар бағдарламасы.

Бейінді бағдарлама.

Оқу мерзімі: 2 жыл (4 семестр)

Оқу аяқталған соң: Өндірісте жұмыс істеу.

Академиялық дәреже: Сәйкес келетін мамандық бойынша техника және технология магистрі.

Satbayev University-нің ішкі грантына ие болып, кейін жұмысқа тұру мүмкіндігі

 

«Қолданбалы бағдарламамен қамтамасыз етуді өңдеу» бағдарламасы Сандық техника мен технология институты жанынан автоматтандыру өндірісі,бағдарламамен қамтамасыз ету, жасанды интеллект бағдарламалары мен Big Data сараптамасы саласындағы зерттеулерді біріктіру мақсатында 2017 жылы ашылды.

 

Оқу бағдарламасы:

  • Full Stack Web Development бағыты бойынша теориялық қана емес, практикалық та білім мен тәжірибе беретін біріктірілген тамаша бағдарлама;
  • Web-қосымшаларды өңдеу саласында ең озық инновациялық технологияларды, бұлтты технологияларды, мобильдік құрылғыларға арналған мәселелерді өңдеуді меңгеру, сондай-ақ мәліметтер базасын жобалау мен оның қауіпсіздігін ұйымдастыру әдістерін оқып үйрену;
  • Оқуды жоғары білікті мамандар, Oracle, IBM, Microsoft, Redhat сияқты бағдарламалық өнімдерді жасап шығарған кәсіби мамандар жүргізеді;
  • Оқу үрдісінде студенттер «ҚазАтомӨнеркәсіп», «ҚазТрансГаз», «Қазақстан темір жолы», «Қазақстан Халық Банкі» (және басқалары) секілді ірі-ірі компаниялардың жобаларына қатысады.

 

Оқу үрдісі тамаша технология бойынша өтеді, алған білімдерін студенттер нақты практика барысында бірден жүзеге асыра алады.

 

Негізгі тілдер мен технологиялар:

  • SQL Server 2014 және одан жоғары;
  • C#;
  • JavaScript;
  • Typescript;
  • ASP NET MVC 5 немесе ASP NET Core;
  • AngularJS 2 және одан жоғары.

 

Оқудың соңғы бөлімінде:

  • Кәсіпорындарда кәсіби практикадан өту;
  • Эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • Кешенді емтихан тапсыру;
  • Магистрлік диссертация қорғау.

 

Бағдарламаның артықшылығы:

  • Баға жетпес жоғары білімді бүгіннен бастап жүзеге асыруға болады;
  • Ірі-ірі вендор-компанияларда супервайзинг лауазымы;
  • Шетелдік компанияларда практикадан өту;
  • Қазақстанның және шетелдің үздік бағдарламашыларымен тәжірибе алмасу;
  • Қызықты стартаптарға қатысып, өз мақсатыңды іске асыру мүмкіндігі;
  • Бағдарлама өндіруші дүниежүзілік ең үздік компаниялардың өнеркәсіптік сертификатына ие болу;
  • Халықаралық дәрежедегі магистр дипломына ие болу;
  • Диплом алғаннан кейін жоғары еңбекақы төленетін жақсы жұмысқа тұру мүмкіндігі.

 

Оқуға түсушілерге қойылатын негізгі талаптар:

  • «Ақпараттық жүйелер», «Автоматтандыру және басқару», «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» немесе басқа да ұқсас мамандықтар бойынша бакалавр дәрежесі болу керек;
  • Веб-технология, мәліметтер базасы жөнінде білімді болып, нысанды-бағытты тілдерді білуі шарт;
  • Веб-бағдарламамен жұмыс жасау тәжірибесі болғаны құпталады;
  • Ағылшын тілін Intermediate level деңгейінде білуі шарт.

Егер де сізде IELTS (минимум 6.0) сертификаты болмаса, онда қабылдау комиссиясы кезінде сіз ағылшын тілінен мемлекеттік емтихан тапсыру үшін тіркелесіз. Емтихан Алматы қаласы мемлекеттік университеттерінің базасы бойынша тамыз айының басында өтеді.

 

Кімде-кім тек код жазу ғана емес, оны дұрыс құрастырып, қолданған шешімдерін дұрыс түсіндіре алатын болса, сол адамдарға ерекше ықылас көрсетіледі.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту