Түсу туралы толық ақпарат

Қайырлы күн, құрметті талапкер!

Бәріне белгілі, Сәтбаев университеті (СУ) – Қазақстан жоғары оқу орындары арасында алдыңғы қатардан орын алатын техникалық университет. Жыл сайын мемлекет бөлетін 54 000 грантқа қосымша 2018–2019 оқу жылына тағы да 20 000 грант бөлінді. Оның ішінде 11 000 грант техникалық мамандықтарға, яғни Сәтбаев университетінде оқытылатын болашақ инженер мамандарға арналған. Биылғы 2018 жылы олардың көпшілігін Сәтбаев университетінің талапкерлері таңдап алғаны – қуанышты жағдай. Соның арқасында университет өз кезегінде талапкерлерге, магистранттар мен докторанттарға гранттық негізде тегін оқуға мүмкіндік беріп отыр. ҚР Білім және ғылым министрлігі атап өткендей, алдағы уақытта да техникалық мамандықтарға деген сұраныс өсе түседі.

Сәтбаев университеті негізінен үш бағдарлама бойынша білім береді: бакалавриат, магистратура және докторантура. Сонымен қатар колледжді бітіргендер үшін арнайы оқу бағдарламасы және онлайн-форматта екінші жоғары білім алу бағдарламасы бар.

 

Бағдарламалар бойынша оқу мерзімі:

Бакалавриат – 4 жыл.

Колледжден кейінгі бакалавриат – 3 жыл.

Екінші жоғары білім (дистанциондық технология бойынша оқу) – 2 жыл.

Ғылыми-педагогикалық магистратура – 2 жыл.

Бейінді магистратура – 1 жыл және 1,5 жыл.

Докторантура – 3 жыл.

Оқу түрі: күндізгі

Оқу шарты: мемлекеттік грант негізінде немесе келісім-шарт негізінде.

 

Университетке құжаттарды тапсыру үшін kb.kaznitu.kz сайтында тіркеуден өту керек, тіркелу рұқсатын алғаннан кейін қабылдау комиссиясына барлық құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариальды түрде бекітілген көшірмелерін тапсыру керек. Гранттық негізде оқуға түсу үшін, ҚР БжҒ министрлігі белгілеген мерзімде мемлекеттік білім беру гранттарына арналған байқауға қатысу үшін өтініш толтыру керек.

Қабылдау комиссиясына тапсырылатын құжаттарды жеке-жеке файлдарға, бір папкаға толтырады. Сыртқы бетіне: талапкердің аты-жөні (толықтай); білім беру бағдарламасының шифры мен атауы; мекенжайы; қала коды; телефоны; ұялы телефоны, электрондық мекенжайы және оқуға түскен жылы жазылады.   

 

Сәтбаев университетіне қош келдіңіздер!

Магистратура

Магистратураға сәйкес немесе ұқсас мамандықтар бойынша жоғары білімі бар студенттер қабылданады. Өтініштер 3 шілдеден 31 шілдеге дейін қабылданып, түсу емтихандары 10–20 тамыз күндері жүргізіледі. Ал тіркелу – 25 тамызға дейін жүреді.

Магистратураға қабылдау екі түсу емтихандарының нәтижесі бойынша байқау негізінде жүзеге асады. Олардың әрқайсысы 100 баллдық шкаламен бағаланады. Тапсыру емтихандарынан жалпы жиыны бойынша 150 балл жинаған үміткер магистратураға гранттық негізде оқуға қабылданады (ағылшын тілінен – 50 балл және мамандығы бойынша – 50 баллдан).

Оқуға түсу үшін төмендегі құжаттарды тапсыру керек:

  1. Ректордың атына жазылған өтініш;
  2. Үміткердің анкетасын толтыру керек (онлайн-режимде тіркеуден өткеннен кейін электрондық поштаға келеді);
  3. Жоғары оқу орнын бітіргені туралы құжаттың көшірмесі мен түпнұсқасы нотариат тарапынан куәландырылған болуы керек;
  4. IELTS немесе TOEFL бағдарламасы бойынша тапсырған тест сертификатының түпнұсқасы мен нотариат тарапынан куәландырылған көшірмесі (егер олар бар болса);
  5. Кадр бойынша есеп жүргізетін жеке парақша және еңбек жолыңызды дәлелдейтін құжаттың көшірмесі кадр бөлімі немесе нотариат тарапынан бекітілген болуы керек (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  6. 3x4 см көлеміндегі алты фотосурет;
  7. 086-У формадағы медициналық анықтама;
  8. Жеке куәліктің көшірмесі;
  9. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің тізімі, сертификаттар, дипломдар мен мақтау қағаздардың көшірмесі (егер бар болса);
  10.  Тест тапсыру үшін төленген ақы туралы түбіртек (квитанция).

Орта немесе жоғары білімді шетелден оқып келген азаматтар Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнына магистратураға түсетін болса, білім туралы құжатты алған біліміне сәйкес міндетті түрде мойындату (нострификация) рәсімінен өтуі керек. Шетелдік білім беру орындарынан алынған білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасы территориясында тек халықаралық келісімдерге сәйкестендіріліп қана жүреді.

Құжаттарды тапсырып болғаннан кейін үміткерлер жоғары білікті кәсіби білім бағдарламасы аясында арнайы пән бойынша және ағылшын тілінен ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының технологиялары бойынша емтихан тапсырады. Шетелдік азаматтар негізгі оқу тілі бойынша (қазақ, орыс тілдері) емтихан тапсырады.

Құжаттар Сәтбаев университетінің бейінді институттарындағы қабылдау комиссиясының магистратураға құжат қабылдайтын пункттеріне тапсырылады. Қабылдау комиссиясы туралы ақпарат пен құжаттарды қабылдайтын тұлғалар туралы мәліметтер қабылдау комиссиясының жұмысы басталмай тұрып, университет сайтында жарияланады.

Мамандық бойынша тапсырылатын түсу емтиханы ауызша түрде өтеді. Мамандық бойынша емтихандардың бағдарламаларын сәйкес кафедралар осыған дейінгі білім деңгейінің міндетті пәндері бойынша типтік (жұмыс) бағдарламалар негізінде құрастырады және түсу емтихандары басталмастан 1 ай бұрын университет сайтында жарияланады.

Ағылшын, қазақ және орыс тілдерінен түсу емтихандары тест түрінде ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының технологиялары бойынша тапсырылады. Магистратураға түскісі келетін үміткерлер ағылшын тілінен өз деңгейлерін көрсету үшін сұхбаттасу рәсімінен өтеді.

Шет тілдерін жалпыевропалық стандарттарға сай дәрежеде білетінін дәлелдейтін халықаралық сертификаттары бар тұлғалар магистратура мен докторантураға түсер кезде ағылшын тілі емтиханын тапсырудан толық босатылады да, оларға төмендегі бағдарламалар бойынша 100-баллдық шкала деңгейінде баға қойылады. Атап айтқанда:

  • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – 460 баллдан кем емес);
  • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шектік балл – 87-ден кем емес,
  • Test of English as a Foreign Language (TOEFL шектік балл – 560 баллдан кем емес);
  • International English Language Tests System (IELTS, шектік балл – 6.0-ден кем емес).

 Тест ақысын төлеу үшін реквизиттер:

ҚР БжҒМ-нің РМҚМ «Ұлттық тестілеу орталығы»

010011, Астана қаласы, Победа даңғылы, 60

РНН 600300086081

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX, КБЕ 16

АҚ «Қазақстан Халық банкі».      

Түсу емтихандарынан қанағаттанғысыз баға алған үміткерлер әрі қарайғы түсу емтихандарға жіберілмейді және тіркелмейді. Ол емтихандарды қайта тапсыруға да тыйым салынған.

Оқуға түскен тұлғаларды магистранттар қатарына тіркеу рәсімін университеттің қабылдау комиссиясы жүргізеді. Байқау нәтижесі бойынша бірдей балл алған үміткерлер болса, онда мамандығы бойынша тапсырған емтиханнан жоғары баға алған үміткерге таңдау түседі. Ал егер де ол емтиханнан да бірдей баға алған болса, онда шет тілі емтиханынан жоғары баға алған үміткерге таңдау түседі. Сонымен қатар үміткерлердің таңдаған мамандығы бойынша жасаған ғылыми зерттеулері мен жетістіктері есепке алынады. Атап айтқанда, ғылыми жарияланымдары, оның ішінде рейтингі жоғары саналатын ғылыми басылымдарда жарық көруі; ғылыми жаңалықтары үшін алған куәліктері; ғылыми шәкіртақы, грант, әртүрлі ғылыми конференциялар мен байқауларға қатысып, дипломдар мен мақтау қағаздарын алғаны жөніндегі сертификаттары есепке алынады. 
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту